2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінің студенті атанған. 2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінің магистранты, 2014 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінің докторантурасына түсіп, 2019 жылы 19 наурыздағы №260 бұйрық бойынша 6Д120200 – Ветеринарлық-санитария мамандығы бойынша Философия докторы PhD дәрежесін алды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында мамандығы бойынша жұмысқа кіріп, қазіргі таңда осы жерде қажырлы еңбек етуде.
Ғылыми - зерттеу жұмысы барысындағы ғылыми жаңалығы - заманауи қондырғыларды пайдалана отырып, сүт өндіретін шаруашылықтарда ірі қара мал кетозының патологиясын анықтау және сойыс өнімдерін санитариялық бағалау барысында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу. ҚР бойынша 2012-2018 ж.ж. сүт және ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылықтары және Батыс еуропа бойынша кетоз ауруының таралуы жөніндегі статистикалық көрсеткіштерін саралап, кетозға шалдыққан ірі қара малына арналған азықтық рацион ұсынылды. Қазақстан Республикасы пайдалы модельдер мемлекеттік тізіміне тіркелген, «Ірі қара малдың кетоз ауруын алдын-алуға арналған композиция» №4433 және «Тауық аспергиллезін паталогиялық анатомиялық балау тәсілі» №5299 пайдалы модельге патенттер алынды.
Зерттеу нәтижелері бойынша «Сүт өндіретін шаруа қожалықтарындағы ірі қара мал кетозының патологиясы және сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау» атты ғылыми әдістемелік ұсыныс ҚазҰАЗУ оқу әдістемелік бірлестігімен тіркелді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен қағидалары 18 ғылыми мақала жаряланып, 11 әдістемелік нұсқаулық шығарған. Оның ішінде 3-і ҚР БжҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми журналда, 5 -і халықаралық ғылыми конференцияларда, 2-і халықаралық ғылыми конгрестерде, 4-і жоғары импакт факторлы журналдарда жарияланылған. - «Journal of Ecology, Environment and Conservation» Scopus (India) компаниясының мәліметтер базасына кіреді -2017.-V. 23. – Issue 1. – P. 593-599. ISSN: 0971–765X, Impact Factor_2016.
Epidemiological characteristics and financial losses due to avian aspergillosis in households in the Almaty region, Republic of Kazakhstan Frontiers in Veterinary ScienceISSN: 22971769Volume: 10
ArticleOpen Access2023EID: 2-s2.0-85158995246.
The development and use of an inactivated vaccine against animals trichophytosis. Open Veterinary JournalISSN: 22264485Volume: 13Issue: 7Pages: 864 – 872. ArticleOpen Access2023EID: 2-s2.0-85166749721. DOI: 10.5455/OVJ.2023.v13.i7.8
Effects of diets with vermiculite on performance, meat morphological parameters of broiler chickens. Journal of Pharmaceutical Sciences and ResearchISSN: 09751459. Volume: 9Issue: 5Pages: 745 - 750
Article2017EID: 2-s2.0-85020410175.
Зерттеу жұмысының негізгі деректері келесі конференцияларда баяндалды және басылымдарда жарық көрген:
- Профессор Нұрғали Тәсілұлы Кәдіровтің туғанына 100 жыл толуына орай «XXI ғасырдағы ветеринария: мәселелері, шешудің әдістері және жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Астана (Қазақстан) 2016 ж. (1 мақала);
- XІV Scientific Session of Group of Amimal Nutrition knzia PAN Халықаралық конференциясы. Олштын (Польша) 2016 ж. (1 мақала);
-"Science, Education and Culture in Eurasia and Africa" The 6th International Academic Congress, Париж(Франция) 2016 ж. (1 мақала);
- «Ғылым мен білімдегі заманауи беталыстар» ғылыми мақалалар жинағы, Краков (Польша) 2016 ж. (1 мақала);
-IV Халықаралық ВетСтамбул групп конгресі. Алматы (Қазақстан) 2017 ж. (1 мақала);
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру» атты Республикалық ғылымитеориялық конференциясы. Астана (Қазақстан) 2017 ж. (1 мақала);
- Scopus базасына енген EEC-EM - Ecology, Environment and Conservation ғылыми журналдарында (India, 23 (1) : 2017). (1 мақала);
- «Байтұрсынов оқулары - 2017» - «Елдің технологиялық модернизациясы мен жаһандық бәсекелестігін жылдамдатудағы ғылым мен тәжірибенің үлесі» тақырыбында А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған, 2017 жылдың 21 сәуіріндегі Халықаралық ғылымипрактикалық конференциясы. Қостанай (Қазақстан) 2017 ж. (5 мақала);
- Мақалалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы» журналында Алматы (Қазақстан) 2018 ж. (3 мақала) жарық көріп, баяндалып, талқыланған.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті КЕАҚ-ның Ғылыми кеңесінің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылға жариялаған жыл сайынғы ғылым саласындағы «Мемлекеттік ғылыми стипендиясы» конкурсына ұсынуға «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы Джангабулова Айнур Асилхановнаға конкурстық материалдарды рәсімдеуге өтінім беруін мақұлдаған және Университетіміздің ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасына қатысушы.
- 2018 – 2022 ж.ж. «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының ассистенті;
- 2022-2023 ж.ж. «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушы;
- 2024 – 2027 ж.ж. «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушы.
Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Ветеринария
Бітірген жылы: 2012 ж
Біліктілігі: бакалавр
Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Ветеринария
Бітірген жылы: 2014 ж
Біліктілігі: Магистратура
Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Ветеринариялық санитария
Бітірген жылы: 2017 ж
Біліктілігі: PhD
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1.Джангабулова А.А. Қазақстан Республикасының Алматы облысындағы үй шаруашылықтарында құстардың аспергиллёз ауруының эпидемиологиялық сипаттамалары және қаржылық шығындары // Journal Frontiers in Veterinary Science ISSN: 22971769 Volume: 10 Article Open Access 2023 EID: 2-s2.0-85158995246
DOI: 10.3389/fvets. 2023.1141456
2. Джангабулова А.А. Жануарлардағы трихофитияға қарсы инактивацияланған вакцинаны әзірлеу және қолдану // Journal Open Veterinary ISSN: 22264485Volume: 13Issue: 7Pages: 864 – 872 ArticleOpen Access2023EID: 2-s2.0-85166749721 DOI: 10.5455/OVJ.2023.v13.i7.8
ПАТЕНТТЕР
ҚР патенті №2019/0976.2. Ірі қара малдың кетозаларын алдын алуға арналған композиция. / Джангабулова А.А.,2020. Сілтеме: https://orcid.org/0000-0003-2218-9628
Бакалавриат:
• Ветеринария және зооинженерия факультеті
3-курс
VTTA 3267 — «Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау»
«Жануарлардың патологиялық анатомиясы»
«Соттық ветеринария»
Жасанды интеллект негіздері, ChatGPT №KZ 330984, 11/02/2025, Lerna

Польшадағы"Өсімдіктерді қорғау институты – Ұлттық ғылыми-зерттеу институты" (Institute of Plant Protection – National Research Institute, Białystok) директоры, профессор, ауыл шаруашылығы және өсімдік қорғау саласының маманы, тәжірибелік станцияның жетекшісі, жетекші зерттеуші Божена Лозавицкиймен ғылыми және бірлескен зерттеулер жүргіздік.
Ғылыми бағыттары
Оның негізгі зерттеу салалары:
- тағам қауіпсіздігі
- пестицидтер химиясы
- токсикология және экотоксикология
- өсімдіктерді қорғау
- ауыл шаруашылығы және экология
- тәуекелді бағалау (risk assessment)
Польшадағы Мазур (Вармия-Мазуры) университетінің профессоры, мал шаруашылығы, селекция және өнімділік саласының ғалымы Ян Мициньский (Jan Miciński) ғылыми және бірлескен зерттеулер жүргіздік.
Ғылыми бағыттары
- мал шаруашылығы
- қой және ешкі селекциясы
- азықтандыру және өнімділік
- ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы
Польшадағы Мазур (Вармия-Мазуры) университетінің профессоры, доктор хабилитированный (dr hab.), ветеринариялық медицина, ішкі аурулар және биохимия саласының маманы Пшемыслав Собех (Przemysław Sobiech) ғылыми және бірлескен зерттеулер жүргіздік.
Ғылыми бағыттары
- ветеринариялық ішкі аурулар
- биохимия және қан көрсеткіштері
- микроэлементтер (мыс, селен және т.б.)
- жануарлардағы метаболизм және улану
- клиникалық диагностика