Кәсіби жолы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен (ҚазҰАЗУ) тығыз байланысты. 2023 жылы аталған оқу орнында «Агроном» біліктілігі бойынша бакалавриатты тәмамдап, кейін «Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» бағыты бойынша магистратураны бітірді. Қазіргі уақытта осы университеттің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасында ассистент әрі оқытушы қызметін атқарады.
Ғылыми қызығушылықтары мен зерттеу бағыттары
Менің зерттеулерім ауыл шаруашылығын заманауи цифрлық және генетикалық әдістермен дамытуға бағытталған:
-
Геномдық деректер базасы: Жұмсақ бидай мен арпаның саңырауқұлақ ауруларына (қара күйе мен тат) төзімділігін геномдық модельдеу арқылы болжау.
-
Өсімдіктер физиологиясы мен биотехнологиясы: Минералды тұздардың өсімдіктердің өсуіне және олардағы дәрумендер мен гормондардың (мысалы, ИУК) жиналуына әсерін зерттеу.
-
Биоинформатика: Селекциядағы заманауи IT-құралдарды меңгеру және қолдану.
Жетістіктері
-
Жарияланымдар: Халықаралық Scopus базасындағы («Vavilov Journal of Genetics and Breeding»), ККСОН ұсынған журналдардағы және халықаралық конференциялардағы (ICPBB 2024) ғылыми мақалалардың авторымын.
-
Тілдік дағдылар: Ағылшын тілін еркін (Upper-Intermediate) деңгейінде меңгергенмін, бұл маған әлемдік ғылыми деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.
Мамандығы: Агрономия (Бакалавриат), Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы (Магистратура).
Бітірген жылы: 2023 жыл (Бакалавриат), 2025 жыл (Магистратура).
Біліктілігі:
Бакалавр: «Агроном».
Магистр: Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы бойынша магистр.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Shoibekova A.Zh., Jantassov S.K., Jantassova A.S., Serikbayeva G.A., Toishimanov M.R., Bari G.T., Samatov A.T., Sagindykov T.S., Karimova A.N. Influence of selected rootstock on growth parameters, accumulation of IAA and vitamins in scions of Cucumis sativus L. and Cucumis melo L. // Vavilov Journal of Genetics and Breeding. – 2025. – Vol. 29(4). – P. 559–567. – DOI: 10.18699/vjgb-25-59. – (Scopus).
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Шойбекова А.Ж., Сагиндыков Т.С., Каримова А.Н., Серикбаева Г.А., Джантасов С.К., Бари Г.Т. Влияние различных концентраций минеральных солей на рост и развитие тыквы для предварительной оценки ее в качестве подвойного материала // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің хабаршысы. – 2023. – №2 (65). – 186–195 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК).
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Мақалалар (жергілікті журналдарда):
Серикбаева Г. А., Каримова А. Н., Баядилова Г. О., Уразалиев К. Р. Международные геномные базы данных как инструмент прогнозирования устойчивости ячменя к ржавчине // «In the world of science and education» халықаралық ғылыми-практикалық журналы. – Алматы, 2025. – №15. – 64–71 б. – DOI: 10.24412/3007-8946-2025-15-64-71.
Конференция материалдары:
Karimova A., Serikbayeva G., Urazaliyev K., Bayadilova G. Genetic databases for breeding cereal crops for resistance to fungal diseases // The International Conference on Plant Biology and Biotechnology (ICPBB 2024). Session 5: Genomics, Proteomics, and Bioinformatics. – Almaty, 2024.
Бакалавриат:
• Молекулалық биология
• Өсімдік шаруашылығы
• Өсімдіктер биотехнологиясы
• Молекулалық биология
• Өсімдік шаруашылығы
• Өсімдіктер биотехнологиясы
• Биониформатикаға кіріспе
«Өсімдіктер селекциясының бағыттары мен әдістері» Ұйым: «Best Innovation Group Inc» білім беру орталығы Мерзімі: 18.08.2025 – 29.08.2025 жж.
Көлемі: 72 сағат
Тіркеу нөмірі: № 00825/VF-0031/2
«Молекулалық биология»
Ұйым: «Best Innovation Group Inc» білім беру орталығы
Мерзімі: 18.08.2025 – 29.08.2025 жж.
Көлемі: 72 сағат
Тіркеу нөмірі: № 000825/GV-0017/3
«Өсімдіктер генетикасы»
Ұйым: «N&T Consulting Company»
Мерзімі: 04.08.2025 – 16.08.2025 жж.
Көлемі: 72 сағат
Тіркеу нөмірі: № 00825/Rv-0015
«Қолданбалы және практикалық биоинформатика»
Ұйым: «N&T Consulting Company»
Мерзімі: 18.07.2025 – 31.07.2025 жж.
Көлемі: 72 сағат
Тіркеу нөмірі: № 00725/Rx-0039