Мен, Байболов Асан Ерболатұлы, 1978 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келдім. 1985-1990 жылдары жалпы білім беретін орта мектепте оқып, кейін физика-математика бағытындағы лицейде білімімді жалғастырдым. Лицейді 1995 жылы аяқтап, сол жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалының автомеханика факультетіне оқуға түстім. 1997 жылы филиал М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қарамағына беріліп, 2000 жылы аталған университетті таңдаған мамандығым бойынша сәтті аяқтадым.
Университетті тәмамдағаннан кейін Қаратау қаласындағы Агротехникалық университетте оқытушы болып еңбек жолымды бастадым. 2005 жылы кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында Алматы қаласындағы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми‑өндірістік орталығы» РМҚК‑на ауысып, кіші ғылыми қызметкер лауазымына қабылдандым. 2006 жылы техника ғылымдарының докторы Омаров Р.А. жетекшілігімен кандидаттық диссертация бойынша ғылыми жұмысты бастадым.
2007 жылы аталмыш мекеме «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми‑зерттеу институты» ЖШС‑і (ҚазАШМЭҒЗИ) болып қайта құрылды. Осы институтта ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, конструктор және жетекші ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмысымды жалғастырдым. 2010 жылы «Шаруа қожалықтарын ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған гелиоколлектордың (күн су жылытқышының) параметрлерін әзірлеу және негіздеу» тақырыбында кандидаттық диссертациямды табысты қорғадым.
2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқардым. 2015 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурызына дейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) ғылыми‑техникалық ақпарат және ғылыми кадрларды аттестаттау бөлімінің бастығы қызметін атқардым. 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ҚазҰАЗУ‑дың ғылым департаментінің директоры болдым. 2022 жылдан бастап ҚазҰАЗУ‑дың «Энергетика және электр техникасы» кафедрасында қауымдастырылған профессор ретінде еңбек етіп келемін.
Менің ғылыми қызығушылықтарым ауыл шаруашылығында энергия тиімділігін арттыруға, жаңартылатын энергия көздерін енгізуге және мал шаруашылығы нысандарының микроклимат жүйелерін дамытуға бағытталған. Ғылыми‑зерттеу іс‑әрекетім аясында энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу және енгізуге бағытталған бірқатар жобаларға жетекшілік еттім және қатыстым. Олардың қатарында:
- «Жаңартылатын энергия көздерінің энергияларын интеграциялық қолдануға негізделген микропроцессорлық басқаруы бар ауыл шаруашылығына арналған энергия және ресурс үнемдеуші жылумен қамтамасыз ету жүйесі» (2013-2015 жж.);
- «Жасыл» төмен көміртекті экономика үшін микропроцессорлық басқаруы бар инновациялық жылу насосын әзірлеу» (2015-2017 жж.);
- «Мал шаруашылығы нысандарында қолайлы микроклимат жасауға арналған энергия үнемдеуші жылыту және желдету жүйесін әзірлеу» (2020-2022 жж.);
- «Қазақстанның ыстық климаттық жағдайларында жануарлардың жылулық стрессін төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдана отырып энергия үнемдеуші микроклимат жүйесін әзірлеу» (2023-2025 жж.).
Менің 50‑ден астам ғылыми еңбегім отандық және халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus деректер базасы бойынша h‑index көрсеткіші 2‑ге тең. Негізгі ғылыми жариялануларым жаңартылатын энергия көздерін қолдану, жылу жүйелерін модельдеу және мал шаруашылығы нысандарында микроклиматты қалыптастыру мәселелеріне арналған.
Сонымен қатар, энергия үнемдеу технологиялары, инновациялық жылу насостары және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялайтын құрылғылар бойынша барлығы он үш патенттің авторымын.
Ғылыми қызметпен қатар жас мамандарды – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистранттарды және «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» бағыты бойынша докторанттарды даярлаумен айналысамын. Студенттердің ғылыми‑зерттеу жобаларына жетекшілік етіп, олардың кәсіби дағдыларының қалыптасуына ықпал еттім.
2009 жылы Таиландтың Кам Пэн Санг қаласындағы Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы орталығында «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы аясында шетелдік тағылымдамадан өттім. 2018 жылы Израиль мемлекетінде «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» бағыты бойынша тағылымдамадан өттім.
Отбасылық жағдайым – үйленгенмін, үш баланың әкесімін.
Оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мамандығы: 2805 – «Автомобильдер және автомобильдер шаруашылығы»
Бітірген жылы: 2000 ж.
Біліктілігі: инженер-механик
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
1. Разработка энергосберегающей системы микроклимата для снижения теплового стресса животных с использованием возобновляемых источников энергии в жарких климатических условиях Казахстана». Грантовое финансирование МНВО РК.
2023-2025 гг. Исполнитель проекта. https://www.kaznaru.edu.kz/ru/sciences/scientific-projects/23
2. Разработка энергосберегающей системы отопления и вентиляции для создания комфортного микроклимата животноводческих помещений. Грантовое финансирование МНВО РК. 2020-2022 гг. Руководитель проекта.
Соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдар мен еңбектері.
(хронологиялық тәртіпте, бірінші кезекте соңғы басылымдар)
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Alibek N., Sydykov Sh., Baibolov A., Charibayeva S., Akhmetkanova G, Zhakiyev N. An Integrated Horizontal Ground Heat Exchanger for Livestock Facilities in Almaty Region of Kazakhstan // ES Energy and Environment. -2025. -Vol.29, 1690 https://doi.org/10.30919/ee1690
2. Kassym R; Alibek N, Sydykov Sh, Francisco Jurado, Baibolov A., Akhmetkanova G, Zhunisbekova G, Tokmoldayev A. Determination of the possibility of using biogas technologies for the introduction of energy-saving systems microclimate // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, -Vol.5. №10 (137), – P. 33-40. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2025.341736
3. Baibolov, A., Sydykov, S., Alibek, N., Tokmoldayev, A., Turdybek, B., Jurado, F., & Kassym, R. Map of zoning of the territory of Kazakhstan by the average temperature of the heating period in order to select a heat pump system of heat supply: A case study. // Energy Sources, Part A: Recovery, Utilization, and Environmental Effects. -2022. -Vol.44(3), – P. 7303-7315. https://doi.org/10.1080/15567036.2022.2108168
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Омаров Р., Омар Д., Байболов А., Несипбек А., Ержигитов Е., Калкабаева, А. К обоснованию методики технико-экономической оценки мультизональной системы использования солнечной энергии // Izdenister Natigeler. -2025. -№1(105), -С.382-389. https://doi.org/10.37884/1-2025/41
2. Бердишев А., Байболов А., Джумабаева З., Шымыр Ж., Ахметканова Г. Исследование автономной системы водоснабжения, нейтрализующей грунтовые воды с помощью ультрафиолетового излучения. // Izdenister Natigeler. -2024. -№2(102). -С.550-558. https://doi.org/10.37884/2-2024/53
3. Сыдыков Ш., Алибек Н., Байболов А., Токмолдаев А., Ахметканова Г. Изменения температуры атмосферного воздуха в летний период южных, юго-восточных и западных регионах Казахстана // Izdenister Natigeler. -2024. -№3(103). -С.459-470. https://doi.org/10.37884/3-2024/50
4. Калкабаева А., Алибек Н., Байболов А., Исенов С., Степонавичюс Д. Теплонасосная система автономного теплоснабжения для подогрева низкопотенциального теплоносителя // Izdenister Natigeler. -2024. -№3(103). -С. 470-479. https://doi.org/10.37884/3-2024/51
5. Сыдыков Ш., Алибек Н., Байболов А., Токмолдаев А. Кәкімбек И. Установка на возобновляемых источниках энергии для поддержания параметров микроклимата сельскохозяйственных объектов // Izdenister Natigeler. - 2023. -№3 (99). -С.336-344. https://doi.org/10.37884/3-2023/34
6. Сыдыков Ш., Алиханов Д., Байболов А., Зинченко, Д. Энергосберегающая автоматизированная система микроклимата животноводческих помещений для малых и средних фермерских хозяйств // Izdenister Natigeler. -2022. -№2(94), -С.116-128. https://doi.org/10.37884/2-2022/14
7. Сыдыков Ш.К., Алибек Н.Б., Токмолдаев А.Б., Абдикадирова А.А. К методике выбора теплового насоса для формирования нормированного микроклимата в животноводческом помещении // Доклады НАН РК. -№5(339). -2021. –С.56-64.
https://doi.org/10.32014/2021.2518-1483.83
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
1. T.Yespolov, Y.Sarkynov, A.Baibolov, G.Zhunisbekova, Zh.Zhakupova. Biomass, biogas technologies and installations in questions and answers. – Алматы: KazNARU. 2020
ПАТЕНТТЕР
1. Патент РК на полезную модель № 9574. Способ получения зоогумуса путем переработки и утилизации пищевых отходов с помощью личинок мух Qara Sarbaz (Hermetia illucens) / Байболов А.Е., Сырлыбаев Н. К., Айдарханұлы С., Сарсенбаев М. А. 2024 г. https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=398119
2. Патент РК на полезную модель № 9429. Способ измерения температуры грунта / Сыдыков Ш. К., Алибек Н.Б., Байболов А.Е., Токмолдаев А.Б., Чарибаева С., Ахметканова Г. 2024 г.
https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=393836
3. Патент на полезную модель № 8680. Система охлаждения и теплоснабжения животноводческого помещения в условиях малых и средних фермерских хозяйствах / Байболов А.Е., Сыдыков Ш. К., Алибек Н.Б., Токмолдаев А.Б., Сериков М. 2023 г. https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=383363
4. Патент РК на изобретение № 35737. Способ утилизации органических отходов и отработанной газовоздушной смеси животноводческого помещения в условиях фермерского хозяйства / Байболов А.Е., Токмолдаев А.Б. Сериков М. Жақсылық С.Е. Сыдыков Ш. К. Алибек Н.Б. 2022 г.
https://gosreestr.kazpatent.kz/Invention/Details?docNumber=339929
5. Патент РК на полезную модель №7238. Система теплоснабжения и охлаждения животноводческого помещения / Сыдыков Ш. К. Алибек Н.Б. Токмолдаев А.Б. Сериков М. Жақсылық С.Е. Садвакасова А.П. 2022 г.
https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=383363
6. Патент РК на полезную модель №7109. Посох чабана / Омбаев А.М., Тәшен С.Т., Алдабергенов М., Байболов А.Е. 2022 г
https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=346956
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Конференция материалдары
1. Sydykov Sh., Baibolov A., Alibek N., Tokmoldaev A., Charibayeva S., Akhmetkanova G. Reducing the risk of heat stress for livestock development in Kazakhstan // Proceedings ХII International scientific congress «Agricultural Machinery». -Varna 2024. –Р.31-34. https://agrimachinery.net/sbornik/2024.pdf
2. Бекбосынов С.Б., Токмолдаев А.Б., Байболов А.Е., Омаров А. К вопросу создания комплекса для управления микроклиматом в индивидуальных животноводческих помещениях / К вопросу создания комплекса для управления микроклиматом в индивидуальных животноводческих помещениях. - Минск: БГАТУ, 2022. - С. 613-616.
https://rep.bsatu.by/handle/doc/18200
3. Несипбек А.Б. Сыдыков Ш.К., Байболов А.Е., Токмолдаев А.Б. Способ утилизации парниковых газов в животноводстве / XI Международная научно-техническая конференция «Энергетика, инфокоммуникационные технологии и высшее образование». -2020. –С.435-438.
https://rep.bsatu.by/handle/doc/18200
Әдістемелік ұсынымдар
1. Сыдыков Ш.К., Алибек Н.Б., Байболов А.Е., Чарибаева С.К., Ахметканова Г.А. Энергосберегающая система микроклимата для снижения теплового стресса животных с использованием возобновляемых источников энергии в жарких климатических условиях Казахстана. – Алматы: KazNARU, -2025 г. – 63 с.
2. Сыдыков Ш. К., Алибек Н.Б., Байболов А.Е., Токмолдаев А.Б. Энергосберегающая система формирования нормированного микроклимата на базе применения чиллера с фэнкойлами интегрированных с возобновляемыми источниками энергии. – Алматы: KazNARU, -2022 г. – 76 с.
Докторантура:
• Ғылыми зерттеудің әдістері
Dr. Jurado, Francisco J. – Universidad de Jaén. Jaen c. Spain
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8122-7415
Scopus Author ID: 7007100345