Жаңалықтар
29.11.2024 жылы аға оқытушы Нургожаев А.С. құқықтану кафедрасының студенттерімен бірге Халықаралық Туризм менеджменті колледжінде менеджмент мамандығының бітіруші курс студенттеріне кәсіби бағдар жүргізді.
29 Қараша 09:00
Толығырақ
Жаңалықтар
28.11.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы дәрігер эпидемиологы Күмісбек П.Н., №22 қалалық аурухананың диагностика және емдеу бөлім меңгерушісі Алтынбек Г.А. қатысуымен «Болашақ – біздің қолымызда: СПИД-ке бірге қарсы тұрайық!» атты дәріс оқылды. Оған жоғары мектеп білім беру бағдарлама студенттері қатысып, көптеген мәліметтер алды. Ұйымдастырушыларға алғыстымыз!
28 Қараша 18:36
Толығырақ
Жаңалықтар
28.11.2024ж. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент Психологиялық қолдау қызметінің мамандары Бейсембаева Л., Нұржанқызы С., Есбердинова Н. ұйымдастыруымен топ кураторларына арналған «Заманауи жастар және эмоционалды интеллект (EQ): диагностика, дамыту және қолдау» тренигі өтті.
28 Қараша 13:54
Толығырақ
Жаңалықтар
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы С.Р.Буранбаева ғылыми жетекшілік еткен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінен құралған «JUSTICE» командасы 2024 жылдың 28 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Крим-Экс-2024» криминалистика және сот сараптамасы саласының үздік білгірлері» тақырыбындағы 11-халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысқаны үшін III-дәрежелі дипломымен марапатталды.
28 Қараша 08:02
Толығырақ
Жаңалықтар
24.11.2024ж. Бүгін Sport Events Almaty ұйымдастыруымен ҚазҰАЗУ-нің волейбол құрамасы KazAST-та қыстық Алматы кубок 2 ойынға қатысты. Қарсыластары: Сәтпаев пен ДКУ. Кафедрамыздың МК-23-01К БББ білімгері Танирберген Алина белсене қатысты. Сайыс болған жерде жеңіс те, жеңілісте болары хақ. Құттықтаймыз!
25 Қараша 10:06
Толығырақ
Жаңалықтар
21.11.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Rise Plaza» мейрамханасында студенттер күніне арналған ерекше еркін форматта «Students Party» ұйымдастырылды. Білімгерлер дән ризашылық танытты.
21 Қараша 09:09
Толығырақ
Жаңалықтар
20.11.2024 ж. Алматы әділет департаментінің зияаткерлік меншік құқықтар бөлімінің басшысы Е.С.Жетписбаев және бас маман А.Н.Бекботаевтың қатысуымен "Зияаткерлік меншік" тақырыбында 2-4 курс білімгерлеріне қонақ дәріс өткізілді. Әділет департаментімен студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуі және осы ұйымға жұмысқа алу мәселелері түсіндірілді.
20 Қараша 08:06
Толығырақ