Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өтті
2025 жылғы 10 желтоқсанда «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара «6В08402 – Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» білім беру бағдарламасының оқытушылары Искакова Г.О. мен Дүйсенбекова Г.Ғ. бастамасымен ұйымдастырылып, АК-24-24К және АК-25-01К топтарының студенттері қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларды Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихымен таныстыру, отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Шара барысында Тәуелсіздіктің маңызы, 1991 жылғы 16 желтоқсанның еліміздің тарихындағы айрықша орны туралы айтылып, Желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр жастардың ерлігі еске алынды.
Студенттер тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқып, Желтоқсан құрбандарына арналған шағын қойылым қойды, сондай-ақ өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында қорытынды жасалып, жастарды білімді, саналы және отаншыл азамат болуға үндеумен аяқталды.



«Республика күні – Тәуелсіздік таңы» атты ашық сабақ өтті
2025 жылдың 21 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» мамандығының 1-курс студенттері «Республика күні – Тәуелсіздік таңы» атты ашық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, туған халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу, сондай-ақ елжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында студенттерге Республика күнінің тарихи маңызы туралы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық мерекенің қайта бекітілуінің мәні мен маңыздылығы атап өтілді. Республика күнін жаңғырту – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айқындайтын маңызды тарихи шешімдердің бірі екені айтылды.
Шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, ұлттық құндылықтарымыздың сақталуы мен дамуы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Ашық сабақтың екінші бөлімінде студенттердің білімін шыңдау мақсатында «Quiz test» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезім ұялататын, қуаныш пен мақтанышқа толы ұлттық мереке.




«Almaty garden show» фестиваліне қатысып, жүлделі орын иеленді.
2025 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында “Ландшафттық дизайн және көгалдандыру” мамандығының 4 курс студенттері Almaty garden show фестиваліне қатысты. Аталған фестиваль Қазақстан көгалдандырушылар Ассоциациясымен, Т.В. Антоненко жетекшілігімен жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы көрме “Қала-сорғыш” тақырыбында болды. “Подсолнух” Ландшафттық студия жетекшісі, кафедраның аға оқытушысы Н.В. Постоеваның жетекшілігімен студенттер 2 бақ идеясын конкурсқа ұсынды. 1-ші бақ: “Кішкентай ханзада”. Әйгілі ертегі мотивымен жасалынды. Оны құрастырғандар: Сафонова Д., Арызмаганбетова А., Райгель П., Ем Александра және Жумахан Н. 2-ші бақ: “Күн астындағы орын”. Өмірден өз орнын табу туралы философиялық композия. Авторлары: Ахметова Г., Ергаликызы А. және Зейнулла С. 15-18 қыркүйек аралығында бақтардың монтажы жүргізілді. Студенттер үшін күрделі, алайда құнды тәжірибе болды: демалыс пен ой-толғау үшін бос учаскеден әдемі және функционалды кеңістіктер жасады. Көрме кезеңінде, көрмеден кейін де көптеген жылы лебіздер естіп, сондай ақ конструктивті сыни көзкарастар алып, келешекте ескеретініне сенімді. Ең әсерлі қорытынды ретінде “Бақ бастауыштары” санатында 2-ші және 3 -ші орындарды иелену болды. Бұл студенттердің ары қарай өсуіне шабыт беретін алғашқы кәсіби жеңістері. Құттықтаймыз!




Халықаралық 3-ші Орталық Азиялық өсімдік питомниктер ассоциациясының (ЦААПР) конференциясына қатысуы
2025 жылдың 24-25 аралығында халықаралық 3-ші ЦААПР конференциясына шақырумен “Ландшафттық дизайн және көгалдандыру” мамандығының 4 курс студенттері, факультет деканы (Сарсекова Д.Н.), кафедра меңгерушілері (Майсупова И.К., Копабаева А.А.), қауым.профессор (Токтасынова Р.А.) мен Практика және жұмысқа орналастыру бөлімі маманы (Әділханова Б.Д.) қатысты. Конференция тақырыбы: “Көшетшаруашылығы, көгалдандыру, абаттандыру: экологиялық мәселелер жағдайында тұрақты даму және өзара әсерлесу”. Шара барысында студенттер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, тіпті шағын сыйлықтарға ие болды. Халықаралық конференция көрмесінен кейін студенттер жаңа білім мен практикалық тәжірибе, көгалдандыру, питомник шаруашылығы, қалалық ландшафт пен тұрақты даму саласындағы тенденциялардың актуалды ақпаратын алды. Жаңа технологиялар мен көзқараспен, эксперттер мен кәсіпкерлермен танысуға мүмкіндік алды. Шараның қорытындысы бойынша студенттерге өндірістен тәлімберушілер табылып, сонда-ақ өндірістік тәжірибе өтуге әлеуетті практика базаларынан ұсыныс түсті. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби келешегін кеңейтеді.


05.09.2024 жылы Факультетіміздің деканы Сарсекова Д.Н декан орынбасары Акимжанов Д.Ш, жәнеде кафедра меңгерушілері,жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен 1 курс студенттерін университетпен таныстыру жұмыстары жүргізіліп іс-шараға қатыстырылды. Алдағы оқу процесіндегі мәселелерде назардан тыс қалмады.
28.09.2024 жылы Факультет деканының орынбасарымен жәнеде студенттермен «Таза Қазақстан»-акциясы аясында табиғатқа тазалық жұмыстарын жасадық.Студенттер белсене ат салысты.
«Бірінші курс-2024» спартакиадасында спорттың 10 түрі бойынша факультет 1 курс студенттері қатысып, жоғарғы нәтижелер көрсетті
10.10.2024 жылы Бірінші курс студенттеріне арнап «Balmuzdak party» ұйымдастырдық.Бірінші курс студенттерін қарсы алу кешін өткіздік.Студенттерге әртүрлі ойындар,өз өнерлерін көрсетіп би кешін өткіздік.
16.10.2024 жылы 1 курстарға арналған студенттер қатарына қабылдау кеші өтті, және де спартакиядан алған жеңіс орындарымызды беріп марапаттады.Студенттерге көңілді кештер ұйымдастырып,өнерлерін көрсетті.
22.10.2024 жылы сенбі күні факультет деканы, декан орынбасары және өнер жұлдыздарымен, «Таза-Қазақстан» атты акциясымен сенбілік өтті. Тазалыққа жаны құмар белсенді барша студенттеріміз осы сенбілікке белсене атсалысты.
25.10.2024 жылы Декан орынбасарының қатысуымен «Республика» күніне арнап кішігірім іс-шара, бейнеролик түсірдік.
31.10.2024 жылы Факультет белсенді студенттерінің арасында
«Факультет-таныстыру» кеші өтті.Факультет белсенді жастары өз өнерлерін көрсетті.
12.11.2024 жылы «Алтын Күз» атты жатақхана студенттік кеңесімен және студенттерімен мерекелік кеш өткізілді.
15.11.2024 жылы «Қызықты көңіл,студенттік өмір» атты 1 курс арасында жайдарман өтті.Факультетіміздің студенттері-1 орынға ие болды.
16.11.2024 жылы «Университет» - біздің ортақ үйіміз» сенбіліктерге белсене қатыстық.
28.11.2024 жылы жатақхана студенттерімен «Ak-kaiyn movie night» кешін өткіздік.Студенттік декан және студенттік кеңес жатақхана студенттерімен өткізілді.
03.12.2024 жылы Факультет деканымен, декан орынбасарымен және студенттік деканның ұйымдастыруымен «Bauyrsaq party»атты іс-шара өткіздік.Факультет деканы жәнеде кафедра оқытушыларымен,белсенді жастармен өткізілді.
08.12.2024 жылы «Қазыналы-қарттарымыз»атты мерекелік іс-шара ерекше күтімдегі қарттарға ұйымдастырдық. Декан орынбасары мен студенттік декан және де белсенді жастардың ұйымдастыруымен.