Жұмысқа орналастыру бойынша қызмет бағыттары:
1) жұмысқа орналастыруды ақпараттық сүйемелдеу.
2) бос орындар жәрмеңкесін және жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастыру (онлайн режимде).
3) ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді шарттар негізінде өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту қорытындылары бойынша жұмысқа орналастыру.
4) дуальді оқытуды дамыту.
5) түлектер үшін тренингтер ұйымдастыру.
Құрметті түлектер, жұмысқа орналасу үшін 45 (бас ғимарат) кеңсесіне өтініш бере аласыздар.
Біз келесі мәселелер бойынша көмектесеміз және кеңес береміз:
- түйіндемені қалай жазу керек;
- жұмыс сұхбатынан қалай өту керек;
- жұмыстың қай бағытын таңдау керек.
Университеттің жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі үйлестірушілер:
Есимова Бакытгуль Даулетбековна – кәсіби даму және мансап офисінің бастығы
Сағымжанқызы Гүлбарам – кәсіби даму және мансап офисінің маманы
Әділхан Болдықыз Дүйсенқызы - кәсіби даму және мансап офисінің маманы
Байланыс деректері:
Тел.: 8 7272 64 26 29
E-mail: Kaznaupractica@mail.ru
Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі
«ЗИЯЛЫ ҚАЗАҚ» ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫ
«АЯЛЫ АЛАҚАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЛУБЫ
«Эстрадамен ән айту»
«Дәстүрлі ән»
«ALAU» өнерлі жастар ұйымы
«Алтын дән»
«ШАПАҒАТ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
«ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ
«Albeni`s» әдеби-шығармашылық клубы
Жайдарман
«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ
«WayB» би тобы
«One» би тобы
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫ
Жеңілдіктер алу үшін құжаттар тізімі
Психологиялық қолдау қызметі жұмысының негізгі бағыттары:
Психолог Сіздің жағдайыңызды бағалап, өз кеңесін береді, сонымен қатар:
Психологтың 2024-2025 оқу жылына арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
4 курс студенттері өндірістік тәжірибеге кірісті
2025 жылдың 13 қаңтары мен 22 наурызы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6B03111 – Практик психологтарды даярлау» мамандығының 4-курс студенттері біздің университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің «Психологиялық қолдау қызметінде» өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибенің бірінші аптасында практиканттар студенттік көшбасшылар мен студенттік түрлі ұйымдардың жетекшілерімен, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесті, оқу корпустары мен студенттік жатақханаларды аралап, білім алушылардың менталды денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстары мен қызығушылықтарын тыңдап, талқылады. Практикант психологтар – «Progress» атты психологиялық тобының мүшелері ретінде бекітілген жоспарға сәйкес білім алушыларға кәсіби психологиялық көмек көрсетіп, түрлі тренингтер, кеңес беру және диагностикалық жұмыстар жүргізуді бастап кетті.
Практиканттар университет психологы, тәжірибелі маман Л.Бейсенбаеваның жетекшілігімен «Бизнес және құқық» жоғарғы мектебінің, «Агробиология», «Инженерлік технологиялар» факультеттерінің академиялық топтарымен графикке сәйкес «Сөзден-сезімге» тақырыбында интерактивті жаттығулар мен тренинг жүргізді. Атап өтетін жайт, тұлғалық дамуға пайдасы зор бұндай тренингтерге топ кураторлары да белсене қатысып, қызығушылық танытты. Бұл жұмыс басқа факультеттерде жалғасын табатын болады.
«Progress» психологиялық тобының мүшелері университеттің білім алушыларына жеке консультациялар да беруде. Сонымен бірге алдағы уақытта университетте білім алатын шет елдік білім алушыларды жаңа жағдайға, ортаға бейімдеу, ықтимал күйзелістік факторларды талдау және оның алдын-алу бойынша жұмыстар, психодиагностика жүргізу т.б. жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Осы бағытта Тәрбие департаментінің жетекшілігімен жүргізілетін ауқымды іс-шаралардың бірі – «Менталды денсаулық декадасы» 2025 жылдың 03-12 ақпаны аралығына жоспарланған. Декада барысында практикант психологтар қоғамдағы сана саулығы, психоэмоционалдық жағдай, лудомания, нашақорлықпен күресу, стрестік жағдайлардың алдын алу тәрізді өзекті тақырыптарды қамтитын іс-шараларды жүргізеді.
Декада аясында:
Фотогалерея
Психолог: Бейсембаева Ляйля Агыбаевна
Байланыс телефоны: +7 (707) 964-49-72
Психолог: Нұржанқызы Сая
Байланыс телефоны: +7 (747) 314-96-04
Консультация ОНЛАЙН және ОФФЛАЙН форматта жүргізіледі.
Оффлайн форматта қабылдау күндері, уақыты және ұзақтығы:
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, 1А ғимараты, 24 кабинет, 28 кабинет
Онлайн консультация алу: +7(707) 964-49-72, 8-747-314-96-04 телефонына қоңырау шалу, SMS немесе WhatsApp-қа хабарлама жіберу негізінде жүргізіледі.
Маңызды! Консультация барысында құпиялылық сақталады!
Сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз!
ҚазҰАЗУ медициналық пункті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мекенжайы: Уәлиханов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы, №1 "Болашақ" студенттер жатақханасы.
Медициналық пунктте:
Скабиозорий (педикулезге қарсы іс-шараларды өткізуге арналған кабинет) университеттің әрбір студенттік жатақханасында орналасқан.
Университет білім алушыларына "Almaty Clinic" медициналық орталығы (МО) қызмет көрсетеді.
Поликлиника меңгерушісі Садыкова Дариға Балтабековна,
ұялы телефоны + 7 775 963 3367
«Almaty Clinic» МО қызметкерлері ҚазҰАЗУ медициналық пунктінде қабылдау жүргізеді.
Қабылдауды жүргізетін жалпы тәжірибелік дәрігер:
Аусиилова Айна Бекежановна, ұялы телефондары +7(707) 317 18 82, +7(778) 940 30 96
Медбике:
Бекбаева Сандугаш Максутовна, ұялы телефоны +7 (707) 785 20 09
Білім алушыларға қызмет көрсету бойынша университетке бекітілген "Almaty Clinic" МО қызметкерлерінің функциялары:
дүйсенбі - жұма (кезекшілік айына 1 рет сенбіде)
Жалпы тәжірибелік дәрігер 08:30 - 16:30, медбикелер 08:30 - 18:00
сенбі, жексенбі, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген мереке күндері.
«Almaty Clinic» медициналық орталығы Алматы қаласы, Габдулин көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. «Almaty Clinic» МО осы медициналық мекемеге тіркелген университет білім алушыларына профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсынады, сонымен бірге медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бастапқы медициналық-санитарлық, білікті медициналық көмек көрсетеді.
Толығырақ презентациядан көре аласыз.
«Almaty Clinic» МО жұмыс уақыты:
дүйсенбі – сенбі
жұмыс күндері қабылдау уақыты - 08:00-20:00
сенбі - 09:00-14:00
Жұмыс істемейтін күндер - жексенбі, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген мереке күндері.
Талапкерлер құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде ҚазҰАЗУ медициналық пунктіне құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс:
- денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (075/у нысаны);
- егу картасының көшірмесі-063/у нысаны (егу картасынан жүргізілген вакцинация жазбаларының көшірмелері);
- кеуде қуысын флюорографиялық тексеру нәтижелері, міндетті түрде суреттің түпнұсқасы, мөртаңбасы бар, рентгенолог дәрігердің аты-жөні, жеке мөрі (егер 027/у нысаны "Д" есебінде тұрса).
Шетелдік студенттерден талап етілетін құжаттар тізімі:
1. 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
2. ФГ түпнұсқасы;
3. АИТВ-ға талдау нәтижелері, микрореакция, безгекке талдау, құрт жұмыртқасына нәжіс.
Туберкулездің алдын алу және емдеу бойынша жыл сайынғы міндетті іс-шаралар:
1. Білім алушыларға қызмет көрсету бойынша университетке бекітілген «Almaty Clinic» МО қызметкерлері науқастану бойынша сабақтардан босату туралы анықтаманы студент өтініш берген күннен бастап және Ф. 037/у нысанының көрсеткіштері болған кезде ғана ашады.
2. Медициналық анықтама "өткен күнмен" жазылмайды (яғни егер білім алушы ауруы бойынша сабаққа қатыспаса және ауру кезінде медициналық көмекке жүгінбесе).
3. Егер білім алушы медициналық пунктке бара алмаса (сол сәтте жүре алмаса), медицина қызметкерлеріне қоңырау шалуға тиіс (көрсетілген телефондар бойынша), олар өз кезегінде жалпы практика дәрігерін (ЖПД) студенттік жатақханаға шақыруды ұйымдастырады.
Университеттің медициналық пунктінде басқа медициналық мекемелерден берілген білім алушылардың медициналық анықтамалары (нысандары) расталады:
Кейбір анықтамалар «Almaty Clinic» МО-мен бірлесіп расталады және тиісті құжаттар (амбулаториялық картадан үзінді) қоса беріледі.
Білім алушылардың медициналық анықтамаларын университеттің төменде көрсетілген медицина қызметкерлері тексереді және куәландырады:
Мелс Аяулым Серікболқызы тел.: +7 747 530 5998
Рысқалиева Шынар Мұратқызы тел.: +7 705 443 0610
Шетелдік студенттерге демалыстан кейін медициналық тексерулер жүргізіледі (АИТВ-ға қан, безгек плазмодийіне ж/қ-на нәжіс, ФГ-ға тексеру, микрореакцияға қан).
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде ТМККК алуға құқығы бар, яғни шұғыл және шұғыл медициналық көмек бұл адамдарға тегін көрсетіледі.
Магистратура 2023 жыл.pdf
Бакалавриат 2023 жыл.pdf
Магистратура 2024 жыл.pdf
Бакалавриат 2024 жыл.pdf
Студенттік омбудсмен қызметінің негізгі бағыттары:
• негізгі қызмет студенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған, сондықтан студент кез келген өтініш немесе мәселе бойынша хабарласа алады
• білім алушылардың оқу-тәрбие процесіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды;
• студенттерден түскен шағымдар мен ұсыныстарға жедел жауап беру және бар (пайда болған) мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
• өз құзыреті шегінде деканға, декан орынбасарларына, кафедра меңгерушілеріне, Ғылыми кеңеске және басқа да басқару органдарына студенттердің шағымдары мен ұсыныстарын талқылауға енгізеді;
• университетте Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын заңсыз/дұрыс емес әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша студенттер арасында профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Студенттік омбудсмен: Күзен Назерке Бексейтқызы
Байланыс телефоны: +7 (771) 569-74-04
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, 1А корпусы, кеңсе, 20
Көмек алу үшін Студенттік омбудсменге әлеуметтік желілердегі мына парақшаларға хабарласуға болады:
Instagram: @kuzenbaeva___
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100065243096450
Білу маңызды! Студенттік омбудсмен оқу барысында туындаған проблемалық мәселелерді шешуде әрқашан көмекке келуге және қолдау көрсетуге дайын!
Студенттік омбудсменнің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Күзен Назерке Бексейтқызы
Студенттік омбудсмен
Манатбек Нуризат Болатбекқызы
«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің студенттік омбудсмені
Лесбек Нұрмұхаммед Төреханұлы
«Агробиология» факультетінің
Студенттік омбудсмені
Зиноллаева Аминат Қуанышбекқызы
«Бизнес және құқық» жоғары мектебінің студенттік омбудсмені
Уалиева Дилназ Асылханқызы
“Инженерлік технологиялар” факультетінің студенттік омбудсмені
Сатыбалды Ердәулет Бердалыұлы
«Су ресурстары және ІТ-технологиялар» факультетінің студенттік омбудсмені
Төлеутай Мадина Мұратайқызы
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің
студенттік омбудсмені