Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы желтоқсан айында Ташкентке барған мемлекеттік сапарының, 2023 жылы 3 наурызда Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мемлекет басшыларының кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізген келісімге сәйкес, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің филиалын ашу міндеттелді.
Екі мемлекеттің Президенттерінің қолдауымен нарықта сұранысқа ие су шаруашылығы мамандарын даярлау мақсатында 2024-2025 оқу жылында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің филиалы ашылды.
Филиалда мамандар даярлау Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде Университет бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалы бірлесіп әзірленген ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ білім беру бағдарламалары:
Студент екі жыл KazNARU базасында және екі жыл филиалда:
Толығырақ:
Бердышев Абдурахим Сулейманович
Алматы қаласындағы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің филиалының директоры.
ПОҚ анкетасыБілім беру бағдарламасы
Бакалавриат 6В08604 - "Су шаруашылығы және мелиорация"
Магистратура 7M08610 - "Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару"
Элективті пәндер каталогы
Практика базалары мен бағдарламалары
Бакалавриат: оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика бағдарламасы
Магистратура: оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика бағдарламасы