KazNARU

ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – KazNARU

✅ ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – KazNARU

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстан тарихында екінші болып ашылған байырғы және жетекші жоғары оқу орны. Бүгінгі күні университет заман талаптарына сай жаңа бағытта даму үстінде.

✅ Басты мақсат – жоғары оқу сапасына қол жеткізу арқылы әлемдік деңгейдегі цифрлы университет құру, халықаралық талаптарға сай, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналу.

Қазіргі уақытта KazNARU әлемге танымал ең озық Вагенинген университеті (Голландия), АгроПарижТех (Франция), Небраска (АҚШ), Ланчжоу (Қытай), Паханг (Малайзия) университеттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Шет елдік жоғары оқу орындарымен келісімшарт негізінде екі дипломдық бағдарлама жүзеге асырыла бастады.

✅ 2023 жылы KazNARU дүниежүзілік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6 орынға, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орынға көтерілді.

Университеттегі 6 факультетте агроөнеркәсіптік кешен, IТ-технология, энергетика, логистика, орман, жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.

✅ Өздерінің білім беру саласының ерекшелігі туралы бүгін KazNARU «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің ұстаздары мен студенттері айтып береді.

✅ Біздің білім беру бағдарламасын таңдағанда болашағыңды таңдайсың!

Агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары – табысқа жетелейтін мамандық!

KazNARU Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник