Біліктілікті арттыру
Біліктілікті арттыру кеңсесі қызметінің негізгі мақсаты университеттің кадр құрамының білімін жоғары деңгейде сақтау және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ жақын шет елдердің аграрлық жоғары оқу орындарының, колледждерінің профессор-оқытушылар құрамының және ауылшаруашылығы өндірушілерінің, ауылшаруашылық саласындағы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар жүйесін іске асыру болып табылады.
Оқыту ережелері
Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту мерзімдері
Әр жағдайда курстың құны жеке есептеледі
| Академиялық сағат саны | Күнтізбелік күндер саны (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) | Оқу ақысы, тг |
|---|---|---|
| 144 | 24 | 260 000 |
| 72 | 12 | 130 000 |
| 36 | 6 | 65 000 |
«Күміс университет» жобасы мақсаттары мен міндеттеріnbsp;
«Күміс университеттің» мақсаты - кәсіби және белсенді ұзақ өмір сүру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау, қарт және немесе зейнеткерлік жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру.
«Күміс университет» жобасының міндеттері:
- физикалық және рухани денсаулықты нығайту;
- зияткерлік және шығармашылық ұзақ өмір сүруді ұзарту мақсатында білім мен дағдыларды алу және толықтыру;
- өмір сапасын арттыруға ықпал ететін Дағдылар мен іскерліктерді меңгеру цифрлық, қаржылық және оң сауаттылық негіздері);
- білімі мен тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, өзін-өзі таныту.
Қызмет көрсету тәртібі:

Тыңдаушылар келесі тақырыптарда курстар оқи алады:
|
Бағдарламалардың атауы |
Сағат саны |
|
Электротехниканың теориялық негіздері |
12/24/36 |
|
Өмір тіршілік қауіпсіздік негіздері |
12/24/36 |
|
Еңбек қорғау |
12/24/36 |
|
Өрт қауіпсіздігі |
12/24/36 |
|
Психологиялық салауаттылық және өмірдің мәнділігі |
12/24/36 |
|
MS Office негіздері |
12/24/36 |
|
Жол қауіпсіздігі |
12/24/36 |
|
Егде жастағы адамдар үшін салауатты өмір салты |
12/24/36 |
|
Бастаушы кәсіпкер |
12/24/36 |
|
Интернеттегі алаяқтық және одан қорғанудың құқықтық әдістері |
12/24/36 |
|
Қаржылық сауаттылықтың негіздері |
12/24/36 |
|
Бизнес шешімдерін модельдеу |
12/24/36 |