KazNARU БАЗАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ ЛАНДШАФТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағысы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов Қытайдың Henan Qianlian Landscape Design Engineering Co., Ltd. Вице президенті, «SkyGarden» LLP ЖШС Вице президенті Цзян Биньюй бастаған делегация мүшелерімен кездесті.
Кездесуге Қытай жағынан Henan Qianlian Landscape Design Engineering Co., Ltd Халықаралық сауда департаментінің директоры Сюй Чанлин, Технологиялық инновациялар департаментінің директоры Сунь Вэньбо және KazNARU «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің деканы Дани Сарсекова қатысты.
Тараптар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Қытай ландшафттық инновациялар орталығын» құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жаңа жобаның мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық аясында ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды дамыту, соның ішінде ландшафттық академиялық алмасуларды күшейту, бірлесекен ғылыми зерттеулер нәтижелерін агроөндіріске енгізу, заманауи технологияларды тарату, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуге ұсыныстар беру т.б.
KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимовтың айтуы бойынша, университет өз тарапынан Ландшафттық инновациялар орталығының жұмысын қамтамасыз ету үшін Кеңселік офис, жатақхана және қажетті инженерлік су жүйелері мен қызмет көрсету нысандарын ұсынады.
Цзян Биньюй мырза Кеңселік офис үшін 1 мультимедиялық теледидар, 16 компьютер, кеңселік жиһаздар мен басқа да техникалық жабдықтар жеткізуді және күнделікті іскерлік қызметпен айналысатын персоналдың құрамын бірлесе анықтауды ортаға салды.
Ландшафттық инновациялар орталығы екі елдің университеттері арасындағы ландшафт ғылымдарының кәсіби саласындағы білім беру ынтымақтастығын белсенді түрде ілгерілету, жоғары оқу орындарының студенттері үшін (көшет өсіру технологиясы, ландшафты дизайн, қала құрылысы және дизайн, ландшафтты басқару және сақтау, орман зиянкестері және ауруларды емдеу сияқты шараларды меңгеру бағытындағы) кәсіби тағылымдамадан өту базасы ретінде қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ, орталық екі елдің профессор оқытушылары мен сарапшылардың іс-сапарларын үйлестіру, халықаралық ғылыми конференциялар, жобалық семинарлар мен оқытушылық дәрістерді ұйымдастыру, ландшафттық саладағы серіктестердің ынтымақтастық байланыстарын кеңейту сияқты жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Тараптар кездесу барысында «Қытай ландшафттық инновациялар орталығын» алдағы жаңа оқу жылына дейін ашып, іске қосуды қолдады.
KazNARU Баспасөз қызметі.