КазНАИУ

Студент KazNARU стал призёром международного турнира по греко-римской борьбе

2025 жылы өткен КСРО спорт шебері Алиманов Есенжол Мұхамбетұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық ашық турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген балуандар өзара бақ сынады.

Аталған турнир — қазақ күресі мен спорттағы елеулі тұлғалардың біріне арналған дәстүрлі спорттық дода. Оның басты мақсаты — ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жас балуандардың шеберлігін шыңдау және спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Осы айтулы жарыста Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінің АТТ-24-01К тобының студенті Мұратқажы Бексұлтан үздік өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды!

KazNARU ұжымы талантты студентімізді осы жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Бексұлтанға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник