КазНАИУ

В KazNARU состоялась встреча с делегацией международного проекта ERASMUS+ EDFUSION.

✅2025 жылдың 7 қарашасында Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) Инженерлік факультетінде Erasmus+ Edufusion халықаралық жобасының делегациясымен ресми кездесу өтті.

✅Кездесудің басты мақсаты – Erasmus Edufusion жобасы аясында академиялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен білім беру бастамаларын талқылау, MBA бағдарламаларын үйлестіру және Erasmus+ KA 172 өтініміне дайындық жұмыстарын жүргізу болды.

✅Сондай-ақ, шара университеттер арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту мен халықаралық академиялық ұтқырлықты кеңейтуге бағытталды.

✅Бағдарлама бойынша қатысушыларды KazNARU университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Р.Ф. Абазов пен «Инженерлік технологиялар» факультеттің деканы Л. Т. Алдибаева қарсы алды.

✅Кездесуде Erasmus Edufusion жобасының үйлестірушісі профессор Hose Quadrado жоба жайында таныстырылым жасап, қатысушылар сұрақ-жауап сессиясына қатысты.

✅Кездесу соңында делегация мүшелерімен естелік фотосурет түсіріліп, университет кампусына экскурсия ұйымдастырылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник