КазНАИУ

Прошло информационно-разъяснительное мероприятие «Правовая грамотность — требование времени»

2025 жылғы 10 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде  «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Шараны Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Иманбеков Мақсат Мұқатайұлы жүргізді.
Кездесуге Медеу аудандық полиция басқармасының өкілдері — полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Сағадиева Фируза Алмақанқызы, полиция аға лейтенанты Тайжан Оралхан Ержанұлы және полиция лейтенанты Сатан Сайлау Болатбекұлы қатысты.
Полиция капитаны Фируза Алмақанқызы жастардың құқықтық жауапкершілігіне ерекше тоқталып:
«Өкінішке қарай, соңғы жылдары қылмыс жасаушылардың ішінде жастардың үлесі артып келеді. Жеңіл табыс табу үшін немесе білместіктен заңға қайшы әрекет етудің салдарынан жастарымыз құқықбұзушылыққа жол беруде. Бірақ білместік жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан болашақтарыңызды дұрыс бағамдап, құқықбұзушылық әрекеттерден алшақ болыңыздар», — деп атап өтті.
Шара барысында студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ қоғамдық орында тәртіп сақтау талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу соңында KazNARU Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Әшірәлі Сманов сөз алып,  іс-шараны қорытындылай келе:
«Енді университет аумағында белсенді жастар мен полиция өкілдері бірлесіп профилактикалық тексерістер жүргізетін болады. Бұл тексерістер құқықбұзушылықтың алдын алуымен қатар, шылым шегу және аумақты ластау фактілеріне де жол бермеуге бағытталатын болады», — деп атап өтті.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

KazNARU Баспасөз қызметі


---------Chatbot---------
виртуальный помощник