Факультет «Инженерные технологии» провел профессионально-ориентированную работу
“Инженерлік технологиялар” факультетінің деканы Алдибаева Л.Т., тәрбие жөніндегі декан орынбасары Жаңабергенқызы А. және факультеттің белсенді студенттері Алатау қаласы, Жетіген ықшамауданына қарасты №5 және №6 орта мектептеріне барып, оқушыларға кәсіби бағдар берді.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру мүмкіндіктері, инженерлік бағыттағы мамандықтар, оларды оқудың ерекшеліктері мен болашағы жайлы кең көлемде ақпарат берілді. Шараға қатысушылар болашақ түлектерге мамандық таңдау жолында дұрыс бағыт-бағдар беріп, жоғары білімге қадам басуда сәттілік тілеп қайтты.
Мектеп басшылығы факультет өкілдеріне алғыстарын білдіріп, оқушыларды білім жолында белсенді, мақсатшыл болуға шақырды.
Осындай кездесулер жас түлектердің мамандық таңдауына оң ықпал етіп, болашақ кәсіби бағытын айқындауға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз!





