2026 жылдың 16 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында Көңілді тапқырлар клубының факультетаралық «Күлкі – жанның шипасы» атты көктемгі маусымдық мерекелік кеші болып өтті.
Біздің университетте «Өнерлі болу – ол да байлық» деген ұранымен басталған іс-шараға факультеттерден 7 команда қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Агробиология» факультеті – «БАЛ» құрамаларын; аралас команда – «БАУЫРСАҚ БАНДА» құрамасын; «Ветеринария және Зооинженерия» факультеті – «ВЕТСКИЙ КВАРТЕТ» және «ВЕТ СИТИ» ; «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті – «У-ШУ» ; «Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті – «СУ-ДАРИЯ» құрамасы; «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі - «ИП ДИНАРА» жайдарманшыларын ортаға шығарып, өнерлерін ұсынды.
Халқымыз қашанда «Күлкі ашылған гүл, көңіл шашылған нұр» деп әспеттейтін әзіл-қалжың өнерін бағалауға «UAQYT» Қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Маханбет, актер, сценарист Ардақ Кенже, “Алатау SU” команда мүшесі Маханбет Бауыржан Сәбитұлы, актер, сценарист Зейілбек Алиев, Жайдарман ойындарының чемпионы Жарылқасынов Манас және “Harmony” психологиялық қолдау қызметінің маман-психологы Мыңбай Әлішер Бекболұлы қатысты.
Көрермендерді шуақты көңіл-күйге бөлеген және шымыр әзілдерімен елді шымшылаған жайдарманшылар арасында «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің «У-ШУ» құрамасы жүлделі 1-ші орынға ие болды!
Жүлделі 2-ші орыннан «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің «ИП ДИНАРА» құрамасы, ал 3-ші орыннан «Агробиология» факультетінің «БАЛ» құрамасы көрінді.
Сонымен қатар «Ең үздік ойыншы» номинациясымен иегері Ерланұлы Дамир марапатталды.
Жеңімпаздарға университет Басқарма Төрағасы-Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың атынан арнайы Сертификаттар мен қаржылай сияпаттар тапсырылды.
Жүлделеріңіз құтты болсын және өнерлеріңіз әрқашан өрге өрлей берсін, жас таланттар!
KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник