Оспанов Ә.Ә. 1976 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын үздік бітірген.
1982 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1992 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1991 жылы оған доцент ғылыми атағы, ал 1997 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 2006 жылдан бастап – Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Профессор Оспанов Ә.Ә. «қайта өңдеу өндірістерінің техникасы мен технологиясы» бағыты бойынша ғылыми мектеп қалыптастырды. Аспиранттар, магистранттар және ізденушілердің диссертациялық зерттеулеріне ғылыми жетекшілік ете отырып, 1 техника ғылымдарының докторын, 3 PhD докторын, 7 техника ғылымдарының кандидатын және 40-қа жуық техника ғылымдарының магистрін дайындады.
Профессор Оспанов Ә.Ә. 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық ақпараттық ресурстарына кіретін, импакт-факторы нөлден жоғары журналдарда жарияланған 20 ғылыми мақала, өнертабысқа арналған 60-тан астам патент, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік, ҚР Ұлттық патенттік бюросында тауар белгісін тіркеу туралы 1 куәлік, ҚР БҒМ грифімен шыққан 2 оқулық, 12 монография (оның ішінде 1-еуі ағылшын тілінде), 9 оқу құралы (оның ішінде 3-еуі ағылшын тілінде) және 25-тен астам талдамалық шолу мен шолу ақпараттары бар. Хирш индексі – 9.
Оның ғылыми және өндірістік қызметі тамақ және ауыл шаруашылығы өндірістеріндегі, атап айтқанда астық өңдеу және құрама-жем салаларындағы, кондитерлік және нан пісіру өнеркәсібіндегі ұсақтау, престеу, араластыру және кептіру үдерістерінің теориясы мен модельдеу негіздерін әзірлеумен байланысты. Ол ұсақтау және майдалау теориясында жаңа ғылыми гипотеза ұсынып, оны тәжірибеде сынақтан өткізді. Оспанов Ә.Ә.-ның ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларындағы технологиялық желілердің тиімділігін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік берді.
Профессор Оспанов Ә.Ә. – ҚР БҒМ-нің «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2017» атағының және 2010-2012 жылдары ғылым мен техниканы дамытуға ерекше ғылыми үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері.
2015 жылы ол мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Профессор Оспанов Ә.Ә.-ның қоғамдық қызметі: «Global Harmonization Initiative» халықаралық ұйымының Қазақстан Республикасындағы елшісі; «Journal of Food and Packaging» (Болгария) шетелдік ғылыми журналының редакциялық алқа мүшесі; «Агроөнеркәсіптік кешеннің тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі технологиялары – дұрыс тамақтану өнімдері» (Ресей) шетелдік ғылыми журналының редакциялық алқа мүшесі; «Воронеж мемлекеттік университетінің инженерлік технологиялар хабаршысы» (Ресей) шетелдік ғылыми журналының редакциялық алқа мүшесі; «Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау» мамандандырылған бағыты бойынша Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі; Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кеңесі мен Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.
Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институты
Мамандығы: «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру»
Бітірген жылы: 1976
инженер-механик
Мәскеу тамақ ғылымдары және технологиялары институты
Мамандығы: «Тағам өнеркәсібінің процестері, машиналары мен аппараттары»
Қорғаған жылы: 1992
техника ғылымдарының докторы
Жоба атауы: «Көп дәнді шикізаттан жасалған «Ai-Kun» инновациялық макарон өнімдерін өндіру»
ҒҒТҚН коммерцияландыру, Ғылым Қоры
2024-2026 жж., жобаның ғылыми кеңесшісі
Жоба атауы: «Өнім ассортиментін кеңейту және бірлік шикізаттан дайын өнім шығымын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» тапсырма: «Өсірілген дән негізінде функционалды сусындарды өндіру технологиясын жасау»
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ҚР АШМ
2021-2023 жж., жоба орындаушысы
Жоба атауы: «Дәстүрлі емес көп дәнді шикізат негізінде макарондық өнімдер өндіру технологиясын жасау»
Гранттық қаржыландыру, ҚР БҒМ
2018-2020 жж., жоба жетекшісі
Жоба атауы: «Жеміс-жидек және ет-сүт салмалы жоғары дәрежелі дайындығы бар экструдирленген көп дәнді тағамдар өндіру технологиясын жасау»
Гранттық қаржыландыру, ҚР БҒМ
2015-2017 жж., жоба жетекшісі
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Zhalelov D., Ozkaya S., Gündoğdu M., Kara K., Ospanov A., Timurbekova A. The Effect of the Saccharomyces Boulardii Supplement in Combined Feed on the Health, Growth, and Fecal Microbiota of Growing Calves // OnLine Journal of Biological Sciences. – 2025. – № 3. – P. 801-814. – DOI: 10.3844/ojbsci.2025.801.814. – (Scopus, Q2)
Ospanov A., Timurbekova A., Zhalelov D. Mathematical modeling of the melt flow in the cone-ring channel of the extruder matrix // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies. – 2024. – V. 1, Issue 7 (127). – P. 83-98. – DOI: 10.15587/1729-4061.2024.290692. – (Scopus, Q2)
Muslimov N., Ospanov A., Alzhaxina N., Dalabayev A., Tuyakova A., Sadibaev A. The economic essence of electro-pulse extraction technology in the production of extracts from sprouted grains of cereal crops // Economic Annals-XXI. – 2023. – V. 201(1-2). – P. 33-43. – DOI: 10.21003/ea.V201-04. – (Scopus, Q2)
Ospanov A., Ostrikov A., Vasilenko V., Timurbekova A., Zhalеlov D. Thermomechanical processing of components of combined feeds by the expansion method // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 296-306. – DOI: 10.5219/1746. – (Scopus, Q3)
Ospanov A., Muslimov N., Timurbekova A., Nurdan D., Zhalelov D. Mixing of flour mixture components in the production of pasta from nontraditional raw materials // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 375-387. – DOI: 10.5219/1749. – (Scopus, Q3)
Ospanov A., Timurbekova A., Muslimov N., Almaganbetova A., Zhalеlov D. The extrusion process of poly-cereal mixtures: study and calculation of the main parameters // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences. – 2022. – V. 16. – P. 645-655. – DOI: 10.5219/1756. – (Scopus, Q3)
Muslimov N., Ospanov A., Dalabaev A., Timurbekova A., Moldakarimov A. Changes in lipase activity during germination of oil seeds // Journal of Hygienic Engineering and Design. – 2022. – V. 40. – P. 155-159. – (Scopus, Q4)
Muslimov N., Dalabaev A., Ospanov A., Sadibaev A., Moldakarimov A. Changes in the carbohydrate-amylase complex germination of cereal crops // Journal of Hygienic Engineering and Design. – 2022. – V. 40. – P. 114-118. – (Scopus, Q4)
Ostrikov A., Ospanov A., Shevtsov A., Muslimov N., Timurbekova A., Jumabekova G. Mathematical model of high-temperature tube-shaped pasta drying in a conveyer belt drier // International Journal of Food Engineering. – 2021. – V. 17 (3). – P. 209-215. – DOI: 10.1515/ijfe-2020-0101. – (Scopus, Q2)
Ostrikov A., Ospanov A., Shevtsov A., Vasilenko V., Timurbekova A. An empirical-mathematical modelling approach to explore the drying kinetics of cereals under variable heat supply using the stitched method // Acta Agriculturae Scandinavica Section B: Soil and Plant Science. – 2021. – V. 71(9). – P. 762-771. – DOI: 10.1080/09064710.2021.1947360. – (Scopus, Q1)
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Оспанов А.А., Муслимов Н.Ж., Тимурбекова А.К., Алмаганбетова А.Т. Дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу // Механика және технологиялар. – 2024. – № 4. – Б. 155-165. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Остриков А.Н., Оспанов А.А., Василенко В.Н., Тимурбекова А.К., Копылов М.В., Алмаганбетова А.Т. Коэкструзия процесіндегі көп дәнді шикізаттың балқыма ағынын математикалық модельдеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2024. – № 4. – Б. 105-121. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д. Көп дәнді ұн шикізаты негізінде жасалған макарондық қамырдың реологиялық сипаттамаларын зерттеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2023. – № 1. – Б. 98-106. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Далабаев А.Б., Садибаев А.К. Майлы дақылдарды өнеркәсіптік мақсаттарда өнудің оңтайлы уақытын анықтау // Соғу және штамптау өндірісі. Материалды қысыммен өңдеу. – 2023. – № 9. – Б. 87-94. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Тимурбекова А.К., Молдакаримов А.А., Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Далабаев А.Б. Майлы дақылдарды өну кезінде липаза белсенділігінің өзгеруі // Нижневолжск аграрлық университет кешенінің жаңалықтары: ғылым және жоғары кәсіби білім, 2022. – № 3 (67). – Б. 210-218. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
https://www.volgau.com/Portals/0/izv_auk/izv_auk_067/izv_auk_067_st_25.pdf?ver=eM4STM4xAL640QdGfkuwSw%3d%3d
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д., Аскарова Т.Ш., Әділхан Б.Д. Дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макарон өнімдерінің микроқұрылымын және микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу // Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. – 2021. – № 4. – Б. 23-31. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ:
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д. Дәстүрлі емес көп дәнді шикізатынан макарон өнімдерін алу технологиясы: монография. – Алматы: «Inter Print» баспасы, 2024. – 314 б.
Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Далабаев А.Б. Өнген дән мен тұқым сығындыларына негізделген сусындар технологиясы: монография. – Астана, 2023. – 175 б.
Муслимов Н.Ж., Оспанов А.А. Астық өнімдерінің технологиясы: монография. – Нұр-Сұлтан: «Астана-SMART компаниясы» ЖШС, 2021. – 333 б.
ПАТЕНТТЕР:
Патент № 36192 ҚР. Функционалды сусынға арналған өсімдік негізін алу әдісі // Муслимов Н.Ж., Оспанов А.Б., Чоманов У., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Туякова А.Р., Издибаева Г.У., Далабаев А.Б., 2023
Евразиялық Патент № 047333. Өскен дәндерден функционалды сусындар жасау әдісі // Муслимов Н.Ж., Оспанов А.Б., Чоманов У., Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Туякова А.Р., Издибаева Г.У., Далабаев А.Б., 2023
Патент № 34879 РК. Дәнді бұршақ дақылдардан микронизацияланған композициялық ұн алу тәсілі // Муслимов Н.Ж., Омаралиева А.М., Султанова М.Ж., Кизатова М.Е., Абдрахманов Х.А., Боровский А.Ю., Оспанов А.А., 2021
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
Конференция материалдары:
Оспанов Ә.Ә., Тимурбекова А.К., Алмағанбетова А.Т., Молдалимова Г.К. Көп дәнді қоспаларды әзірлеуге арналған іріктелген астық шикізаты үлгілерінің минералдық, дәрумендік және аминқышқылдық құрамын зерттеу // «Сейфуллин оқулары – 18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2022. – Б. 104-108
Оспанов А.А., Жалелов Д.Б., Серкан Озкая. Жоғары сіңімді жаңа буынды құрама жем өндірісіндегі заманауи зерттеyлер туралы // «Сейфуллин оқулары – 18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2022. – Б. 108-112
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Нұрдан Д., Молдалимова Г.К. Дәстүрлі емес шикізаттан макарон өнімдерін өндіруде қамырды престеудің технологиялық процесін зерттеу // «Сейфуллин оқулары – 18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2022. – Б. 112-115
Әдістемелік ұсынымдар:
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Алмағанбетова А.Т. Жеміс-жидек салмасы бар дайындық дәрежесі жоғары өнімдерді өндіріске енгізу бойынша ұсыныстар. – Алматы: Айтұмар, 2024. – 61 б.
Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Боранбаева Т.К., Жалелов Д.Б. Жас ірі қара малға арналған жоғары қоректік және оңай сіңірілетін экструдияланған жем өндіру үшін Saccharomyces cerevisiae boulardii T8-3C (SCB) пробиотикалық препаратын қолдану бойынша ұсыныстар. – Алматы: Айтұмар, 2024. – 33 б.
Бакалавриат:
-
Тағам өндірістерінің процестері мен аппараттары
-
Биотехнологиядағы процестер мен аппараттар
Магистратура:
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Білім беру саласындағы жасанды интеллект: оқу үдерісінің инновациялық технологиялары және цифрлық трансформациясы (80 сағат) // Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы, 30.01.2026 ж. – 13.02.2026 ж.
Тағам өндірістерінің үдерістері мен аппараттары (72 сағат) // Алматы технологиялық университет, 16.06.2025 ж. – 27.06.2025 ж.
IT құзыреттіліктері және онлайн оқыту әдістемелері (72 сағат) // «Тұран» университеті, 12.02.2024 ж. – 27.02.2024 ж.
Биотехнологиядағы процестер мен аппараттар (72 сағат) // «Беккер и К» ЖШС, 05.06.2023 ж. – 16.06.2023 ж.
Цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеу әдістері мен құралдары (72 сағат) // Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі университеті, 25.10.2022 ж. – 03.11.2022 ж.
Dr. Gaceu Liviu – Трансильвания Брашов университеті, Румыния (бірлескен жарияланымдар)
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3186-8764
Scopus Author ID: 35324363100
Остриков Александр Николаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор – Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті, Ресей Федерациясы (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 6507477204
Василенко Виталий Николаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор – Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті, Ресей Федерациясы (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 7102910436
Dr. Özkaya Serkan – Испарта қолданбалы ғылымдар университеті, Түркия (бірлескен жарияланымдар)
Scopus Author ID: 15027248400