Ахантаева Гулазия Жагипбаровна 1970 жылы 24 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылында дүниеге келген. 1987 жылы №152 Жөлек орта мектебінің 10-сыныбын бітірген.1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, осы университетті 1994 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.1994 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқаруда. 2016 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистірлік диссертациясын қорғаған. Гулазия Жагипбаровнаның оқулықтары, оқу әдістемелік құралдары, ғылыми-әдістемелік мақалалары бар. Білікті де білімді ұстаздың студенттері жыл сайын жоғарғы оқу орындарының арасында өтетін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен халықаралық конференциялардан жүлделі орындарға ие болып жүр. Қаншама жылғы еңбегі бағаланып «Үздік педагог», «Еңбек ардагері», Университеттің мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған. «Алғыс хаттармен», «Құрмет грамоталармен», «Мақтау қағаздардың» иегері.
1. 08.08.2022.22.08.05.2022 жыл. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. А.Байтұрсынұлы зерттеулерінің ғылыми парадигмалары 72 сағат.
2. 13.11.2023 24.11.2023 Институт повышения квалификации Өрлеу Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: әдіс, тәсіл, құрал 72 сағат
3. 10.07.2023 21.07.2023 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақ тілінің қызметтік- семантикалық парадигмаларын оқыту әдістемесі» 72 сағат
4. 29.01.2024 04.11.2024 жыл. Мемлекеттік тілді дамыту институты «Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы» 72 сағат
5. 12.02.2024 27.02.2024 жыл. TURAN UNIVERSITY «Онлайн оқыту әдістемелері және IT- құзыреттіліктері» 72 сағат
6. 24.02-07.03.2025 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тіл және ұлттық құндылық» 72 сағат.