Оқытушы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы маман, магистр. Жоғары білім беру жүйесінде студенттерге мәдениеттану бойынша сабақ береді. Кәсіби қызметінде білім алушылардың мәдени дүниетанымын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды түсіндіруге және қазіргі қоғамдағы мәдени үдерістерді талдауға ерекше мән береді.
Ғылыми қызығушылықтары ұлттық құндылықтар, қазақ мәдениеті, отбасы мәдениеті, ұлттық бірегейлік, мәдени мұра және дәстүр сабақтастығы мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар қазіргі қоғам жағдайындағы ұлттық мәдениеттің трансформациясы, жастардың мәдени санасы және ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәселелерін зерттеуге қызығушылық танытады.
Оқу орны: Сулейман Демирель Университеті
Мамандығы: IT
Бітірген жылы: 2021
Біліктілігі: бакалавр
Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Мамандығы: Мәдени антропология
Бітірген жылы: 2026
Біліктілігі: магистр
Баратова Х.А. Отбасы мәдениетіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі және оларды қазіргі заманда қолдану жолдары // «Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов: шығармашылық кеңістігі»: халықаралық дөңгелек үстелдің материалдарынын жинағы. «Қазақ университеті». – 2024. – Б. 172-175
Баратова Х.А. Отбасы мәдениеті: теориялық негіздері және өмір салалары арқылы құрылымдық талдау // «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғылымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. «Қазақ университеті». – 2026.
Бакалавриат
-
Мәдениеттану