Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы
Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы 1972 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданының Текес ауылында дүниеге келген.
1990–1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика факультетінде білім алып, «Математик. Оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы зооветеринарлық институтының «Жоғары математика және физика» кафедрасында ассистент қызметінен бастады. Осы уақыттан бастап жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып, оқыту, ғылыми зерттеу және ұйымдастырушылық жұмыстарды қатар алып келеді.
2010 жылы «Ограниченная нестационарная фотогравитационная задача двух и трех тел» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары математикалық модельдеу, аспан механикасы, қолданбалы математика және динамикалық жүйелерді зерттеумен байланысты. Ғалымның 40-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға тұрақты қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа ұсынып келеді.
Ләззат Тұрғынбайқызы университеттің академиялық және басқарушылық қызметінде де мол тәжірибе жинақтаған. 2013–2018 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарса, 2019–2020 жылдары Білім алушылар контингентін қалыптастыру институтының директоры болды. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы қызметін атқарады.
Оның жетекшілігімен факультетте білім беру сапасын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру мен ғылым саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының ҮЗДІК МЕНЕДЖЕРІ төсбелгілерімен марапатталған. 2013 ж. ЖОО-ның үздік оқытушысы.
Сондай-ақ университеттің 85 және 90 жылдық мерейтойлық, сонымен қатар «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгілерімен марапатталған
Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы – жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін тәжірибелі ғалым, білікті педагог және заманауи білім беру жүйесінің тиімді менеджері
Ғылыми қызметі барысында 40-тан астам ғылыми еңбегі отандық және халықаралық басылымдарда жарияланған. Халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған.
2013–2018 жылдары кафедра меңгерушісі, 2019–2020 жылдары Білім алушылар контингентін қалыптастыру институтының директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы қызметін атқарады.
Білім беру және ғылым саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, сондай-ақ университеттің 85 және 90 жылдық мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған.
Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мамандығы: математик
Бітірген жылы: 1995
Біліктілігі: бакалавр/маман Математик. Оқытушы
Соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдар мен еңбектері.
(хронологиялық тәртіпте, бірінші кезекте соңғы басылымдар)
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Lazzat Aldibayeva, Kundyz Nakysbekova, Laura Ismukhanova. Role of information systems in ecology for achieving the Sustainable Development Goals (SDGs)//Caspian Journal of Environmental Sciences. (CJES) 10.22124/cjes.2025.8912. ISSN: 1735-3033. https://cjes.guilan.ac.ir/article_8912.html
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Ж.С. Алимова1 DOI 10.52167/1609-1817-2024-135-6-232-242 , Н.Н. Оспанова1, Л.Т. Альдибаева2, А.З. Даутова1, Г.К. Матаева1. Бұлыңғыр логика теориясының негізінде Қазақстанның қаржылық деректерін талдау.// ҚазККА Хабаршысы.-2024.- № 6. - 232-242б.
- Токжигитова Н. К., Алибекова Д. Т., Алдибаева Л. Т. Білім беру робототехникасы арқылы оқушылардың жобалық жұмыстарын жетілдіру жолдары// Торайғыров университетінің Хабаршысы. – 2026. – №1. – 638-650 б. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК) Сілтеме: https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz/storage/journals/373.pdf
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
- Байарыстанов А.О. Екінші ретті қисықтар мен беттер. Алматы: Нур-Принт, 2011.
- Керимова Ж.Н. Дифференциалдық теңдеулер теориясы және есептеу әдістері. Алматы, «Нур-Принт» баспаханасы, 2014.
- Керимова Ж.Н., Касенов С.Е. Тізбектің және функцияның шегі. Алматы, «Нур-Принт» баспаханасы, 2014.
- Математика. Алматы, «Нур-Принт» баспаханасы, 2014.
- Байарыстанов А.О. Абылаева А.М. Анықталмаған және анықталған интегралдар теориясы мен есептері. Алматы, «Альманахь» баспаханасы, 2020.
АВТОРЛЫҚ КУӘЛІКТЕР
- Математика. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК. №2113, 09 желтоқсан 2014ж. Свидетельство ИС000268.
- Байарыстанов А.О. Абылаева А.М. Интегралдық есептеулер. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы КУӘЛІК. №19824, 20 тамыз 2021ж.
- Жоғары математика. Халықаралық иновациялық технологиялар академиясы. 16-08-2-08-2021 ж.ж. Тіркеу нөмірі № А-0091
- Математика І, ІІ. Халықаралық иновациялық технологиялар академиясы. 02.08.- 15.08.2021 ж.ж. Тіркеу нөмірі № А-0089
- Математика 1. Образовательный центр BIG, 15.07.-26.07.2024.
- Математика 2. Consulting Company. 29.07.-09.08.2024
- Жоғары математика. «Тренинг консалтинг» образовательный центр. 22.07.2024-05.08.2024ж
- Финанасово-экономическая математика и эконометрика. ЖШС «Sina Versity». 08.01.-26.01.2024жж. Тіркеу нөмірі 10N
- Жоғары математика. BID образовательный центр. 05.08-16.08.2024
- Жоғары оқу орныныдағы инклюзивті білім беру. ЖШС «LAWYERS&CO». Тіркеу нөмірі №0288. 05.06.2025ж.
- Сертификат. Семинар по развитию рынка сельскохозяйственной продукции и торговле в государствах-членах ШОС. 08-21.07.2025г .г.Чанша, Китай. 21.07.2025ж.
Разработка и обновление образовательных программ на основе отраслевых Атласов новых профессий и компетенций, региональных карт потребности в кадрах. ҚРҒжЖБМ, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы. Алматы қ.28-29 сәуір 2026ж. № 1491.