Жер ресурстары және кадастр кафедрасы "Су, жер және орман ресурстраы" факультетінде, 2009 жылдың қазан айында "Жерге орналстыру" және "кадастр" деп аталатын екі мамандықтан құрылған университетіміздегі ең жас кафедраның бірі.
Қазіргі таңда "Жер ресурстары және кадастр" кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы аға оқытушы, PhD докторы Серикбаева Гаухар Каналбековна.
Кафедраның құрылуы жер ресурстарын басқару, жылжымайтын мүлік кадастры, жерге орналастыру, ұтымды және тиімді жер пайдалану саласындағы мамандарға сұраныстың артуына байланысты.
Кафедраның негізгі міндеті кадастрлық қызмет және жер ресурстары мен жылжымайтын мүлікті басқару саласында "жерге орналастыру" және "Кадастр" бағыттары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау болып табылады.
Кафедра қызметінің негізгі бағыттары жер кадастры саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және пәндерді оқыту, жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын жүргізу, жерді бағалау, цифрландыру негізінде жер қатынастарын реттеу, жылжымайтын мүлікті бағалау, сондай-ақ жер ресурстарын болжау, жоспарлау және басқару болып табылады.
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады:
6В07307 – «Жерге орналастыру»
6В07308 – «Кадастр»
7M07308 – «Жерге орналастыру»
7M07309 – «Кадастр»
8D07308 – «Жерге орналастыру»
8D07309 – «Кадастр»
Білім беру бағдарламалары зерттеу университеті мен заманауи білім беру технологияларының артықшылықтарын үйлестіре отырып, мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша іске асырылады.
Оқыту мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен заманауи жабдықтармен жабдықталған аудиториялар мен компьютерлік сыныптарда және практика базаларының оқу полигондарында жүргізіледі.
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының құрамына 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы, 11 техника ғылымдарының магистрі кіреді.
Кафедраның қосалқы құрамы ретінде екі лаборанттардан тұрады, және де, кафедрада арнайы жабдықталған оқу орны және ғылыми зертханалар бар.
Жоғары білім беру шеңберінде студенттерді даярлаумен қатар кафедра кадастр және жерге орналастыру, ГАЖ-технологиялар бағыттары бойынша кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асырады.
Жаратылыстану, 'кономикалық, ақпараттық және басқарушылық-құқықтық пәндер саласындағы студенттердің іргелі дайындығы мен практикалық қызметтің алынған дағдылары мемлекеттік ұйымдарда, жеке компанияларда, ғылыми-зерттеу қызметінде табысты мансаптың кепілі болып табылады.
Кафедра келесі ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
Жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік университет (Мәскеу қ., Ресей);
Витаутас Магнус ұлы университеті (Каунас, Литва);
Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті (Варшава қ., Польша);
Конья университеті (Конья қ., Түркия);
Ланчжоу университеті (Ланчжоу қ., ҚХР);
Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті (Рига, Латвия);
Өтпелі экономикасы бар елдердегі аграрлық даму институты. Лейбница (г. Халле, Германия).
Кафедра келесі ұйымдармен тығыз жұмыс істейді:
"АлматыГенПлан "ҒЗИ"ЖШС;
Алматы қаласы және өңірлер бойынша жер қатынастары басқармасы;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ Алматы қаласы және өңірлер бойынша;
"Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер институты" ШЖҚ РМК (ГИСХАГИ);
"Алматы қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы"ММ.


«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының даму тарихы институттың ашылуымен байланысты. Ол өзіндік жеке «Геодезия» кафедрасы болып 1932 жылы құрылған. Гидромелиорация факультеті ашылғаннан кейін (1942) «Геодезия» кафедрасы оның құрамына кірді. 1986 жылы орман таксациясы және орманшылық кафедрасымен бірігіп, орман таксациясы, орманшылық және геодезия кафедрасы деген ортақ атпен аталды. 1994 жылы инженерлік-жерге орналастыру дайындығына өтуге байланысты, базада барлық геодезиялық пәндер және жерге орналастыру бойынша енгізілген сабақтарға сай жерге орналастыру және геодезия кафедрасы қайтадан ашылды. Бұл кезеңде кафедра Топырақтану және агрохимия факультетінің құрамында болды, 1996 жылдан бастап «Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасы болып жаңартылды, осы кезде жерге орналастыру және жер кадастры саласы бойынша республикаға танымал ғалымдар жұмыс істеді – профессор, э.ғ.д. Подольский Л.И., э.ғ.д, академик НАН Григорук В.В., э.ғ.д., профессор Сейфуллин Ж.Т.
2008-2009 оқу жылдары «Жерге орналастыру және Кадастр» кафедрасы негізінде екі кафедра жұмыс атқарды. «Жерге орналастыру» және «Кадастр» кафедралары құрылды. 2009-2010 оқу жылдары бұрынғы екі кафедра құрамында өзгеріс болып, « Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасында 16 профессор-оқытушы бар: оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаттары, 6 доктор PhD жұмыс атқарады.
Қалыптасу жылдарында кафедраны басқарды:
1994-1996 - Туктугулов Елтай Абулхаирович
1996-1997 - Кертешев Талгат Сейтович «Орман таксациясы және жерге орналастыру» кафедра меңгерушісі
1997-2008 - Сейфуллин Жумабек Тлеулиевич «Жерге орналастыру және кадастр» кафедра меңгерушісі
2008-2009 - Сейфуллин Жумабек Тлеулиевич «Кадастр» кафедра меңгерушісі
2008-2009 - Алипбеки Онгарбек Алипбекович заведующий кафедры «Жерге орналастыру» кафедра меңгерушісі
2009-2010 - Алипбеки Онгарбек Алипбекович «Жерге орналастыру және кадастр» кафедра меңгерушісі
2010 - Джангарашева Назымкуль Владимировна «Жерге орналастыру және кадастр» кафедра меңгерушісі
2010-2012 - Бектанов Болатбек Кожахметович заведующий кафедры «Жерге орналастыру және кадастр» кафедра меңгерушісі
2012-2016 - Джуламанов Таир Даутканович заведующий кафедры «Жер ресурстары және кадастр» кафедра меңгерушісі
2016-2019 - Бектурганова Акерке Еденовна заведующий кафедры «Жер ресурстары және кадастр» кафедра меңгерушісі
2019-2023 - Жоламанов Куаныш Кенесович «Жер ресурстары және кадастр» кафедра меңгерушісі
2023-2025 - Серикбаева Гаухар Каналбековна «Жер ресурстары және кадастр» кафедра меңгерушісі
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны - Мурсалимова Эльмира Аскаровна басқарады
Кафедрада білім беру бағытының үш деңгейінде докторанттар, магистранттар және бакалаврлар «Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады. ҚазҰАЗУ - қазіргі заманға сай оқыту және ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Респуликасының біріңғай жүйемен оқыту бағытымен, үздіксіз білім беру ақпаратымен ғылыми жұмыстар мен жобалар, бәсекелестікті жоғарылату мақсатымен және еліміздің агрошарушылығын дамытуда.
Кафедрада заманауи құралдармен жабдықталған оқу және ғылыми лабороториялардың болуы қазіргі таңда жерге орналастыру және кадастр саласының мамандарын заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді.
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы жастарды тәрбиелеп, адами капиталды жақсартуға атсалысуда. Халықаралық «Эрасмус-Мундус», Республикалық «Болашақ» бағдарламалары және сыртқы ұтқырлық бойынша магистранттар Ресейде, Чехияда, Польшада, Германияда, Нидерландта және Балтық жағалауы мемлекеттерінде оқуларын жалғастыра алады және ғылыми машықтануда бола алады. Сондай-ақ, шет елдердің жетекші ғалымдары мен мамандары дәріс жүргізуге және PhD докторанттарға консультация беруге шақырылады.
Мурсалимова Эльмира Аскаровна, б.ғ.к., доцент
Кафедра меңгерушiciҒылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет
Кафедра келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізеді:
Жылжымайтын мүлік кадастры және МКБЖ жүргізу;
Жер ресурстарын цифрлық басқару;
Жерді бағалау және жер қатынастарын реттеу;
Инженерлік геодезия, қашықтықтан зондтау және ГАЖ;
Аграрлық секторда жер пайдалануды жоспарлау және болжау.
Оқыту үдерісінде заманауи мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер пайдаланылады, сабақтар компьютерлік сыныптарда, зертханаларда және өндірістік жағдайларға жақын оқу полигондарында өткізіледі.
Сонымен қатар, кафедра жерге орналастыру, кадастр, ГАЖ және осы салаларға жақын пәндер бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бұл кафедраны үздіксіз білім беру мен мамандарды қайта даярлау саласында маңызды алаңға айналдырады.
Жер ресурстарын кадастрлау саласында жаңа тиімді технологиялар: Алматы облысы, Талғар ауданы тәжірибесі
2024 жылғы маусымда Instrumentation Mesure Métrologie ғылыми журналында (том 23, №3, беттер 183-191) Алматы облысы, Талғар ауданы мысалында жаңа тиімді технологияларды қолдану мәселелері жарияланды.
Зерттеу авторлары — Дариға Сагандыкова, Галимжан Усипбаев, Эльмира Хасамдинова, Ардак Омарбекова және Назымкүл Жанғарашева — блокчейн, ірі деректер және жасанды интеллект сияқты цифрлық шешімдердің жер ресурстарын есепке алу мен басқару тиімділігін арттыруға қалай ықпал ететінін талдады.
Зерттеу инновацияларды енгізуде экономикалық талдау мен заңнамалық органдармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге білікті мамандарды даярлаудың қажеттігі көрсетілді.
Толық мақаламен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://iieta.org/journals/i2m/paper/10.18280/i2m.230301
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы PhD Айтхожаева Г.С. жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша "Жас ғалым" жобасын ұтып алды.
Жоба тақырыбының атауы: Тұрақты жер пайдалану тиімділігінің критерийін әзірлеу.
Жобаның басталуы мен аяқталуы, оның айлардағы ұзақтығы: басталуы-2024 жылғы қаңтар, аяқталуы-2026 жылғы Желтоқсан, 36 ай.
Жобаның мақсаты:
Бұл жобаның мақсаты-тұрақты жер пайдалану тұжырымдамасының теориялық және практикалық тұжырымдамаларын зерттеу және жерді пайдалануды реттеу тетігін жетілдіру бағыттарын негіздей отырып, тұрақты жер пайдалану тиімділігінің кешенді критерийін әзірлеу.
Жобаның міндеттері:
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- тұрақты ауыл шаруашылығын қалыптастыру принциптерін және жерді пайдалану тетіктерін зерттеу;
- тұрақты жер пайдалану тиімділігінің негізгі критерийлері мен көрсеткіштерін нақтылау;
- қазіргі жағдайды талдау және зерттелетін аймақтағы жерді тұрақты пайдаланудың негізгі тенденцияларын анықтау;
- тұрақты жер пайдалану тиімділігінің кешенді критерийін әзірлеу;
- зерттелетін аймақта тұрақты жер пайдалану механизмін қалыптастыру аспектілерін негіздеу.
| № | ОПҚ Т.А.Ә. | Ғылыми дәрежесі | Ғылыми/академиялық атағы | Лауазымы | Фото |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Мурсалимова Эльмира Аскаровна Резюме |
б.ғ.к. | қауым. профессор | кафедра меңгерушісі | ![]() |
| 2 | Пентаев Толеубек Резюме |
т.ғ.д. | профессор | профессор | |
| 3 | Сарыбаев Омар Абдуллаевич Резюме |
т.ғ.к. | аға оқытушы | ![]() |
|
| 4 | Жилдикбаева Айжан Наскеновна Резюме |
PhD | қауым. профессор | ![]() |
|
| 5 | Омарбекова Ардак Диханбаевна Резюме |
PhD | қауым. профессор | ![]() |
|
| 6 | Айтқожаева Гүлсім Султанқызы Резюме |
PhD | қауым. профессор м.а. | ![]() |
|
| 7 | Омарова Шолпан Жаксылыковна Резюме |
PhD | аға оқытушы | ![]() |
|
| 8 | Ахметкеримова Гүльнура Елеусизовна Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 9 | Сагандыкова Дарига Нурлыбаевна Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 10 | Тургульдинова Сабира Әсілбайқызы Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 11 | Хасамдинова Эльмира Абликиновна Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 12 | Әмірғалы Мақсат Ардашерұлы Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 13 | Женисова Айна Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 14 | Доқтырбек Арайлым Ернұрқызы Резюме |
ғылым магистрі | ассистент | ![]() |
|
| 15 | Қасымхан Арайлым Қанатқызы Резюме |
ғылым магистрі | ассистент | ![]() |
|
| 16 | Жакыпбек Ырысжан Резюме |
PhD | қауым. профессор | ![]() |
|
| 17 | Рсымбетов Бекзат Амангельдиевич Резюме |
PhD | аға оқытушы | ![]() |
|
| 18 | Усипбаев Галымжан Бегазимович Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 19 | Болтанулы Максат Резюме |
аға оқытушы | ![]() |
||
| 20 | Серикбаева Гаухар Каналбековна Резюме |
PhD | аға оқытушы | ![]() |
|
| 21 | Альбосынова Мадина Аскатовна Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 22 | Калиева Мадина Сағидоллақызы Резюме |
ғылым магистрі | аға оқытушы | ![]() |
|
| 23 | Алияскарова Мейрамгул Кенесжановна Резюме |
Аға зертханашы | ![]() |
||
| 24 | Жұмахан Әсел Мусақызы Резюме |
Зертханашы | ![]() |
БББ 6В07307 - Жерге орналастыру
БББ 8D07308 - Жерге орналастыру
БББ 7М07308 - Жерге орналастыру
БББ 7М07310 - Жерге орналастыру
ЭПК «6В07308 –Кадастр» 2024-2028
ЭПК 6B07307-«Жерге орналастыру» 2024-2028
7М07308 – «Землеустройство» КЭД
7М07310 – «Землеустройство» (профильный направление 1 г.) КЭД



Халықаралық ауылшаруашылық форумы: Green Agenda and Agriculture
2024 жылғы 22 мамырда «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының ассистенті Айтхожаева Гүлсім Сұлтановна «Карбондық ауыл шаруашылығы — тұрақты ауыл шаруашылығына апаратын жол» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндаманы Сербияның аграрлық экономистер ассоциациясы мен Erasmus+ бағдарламасының AGROKAZ жобасы аясында бірге ұйымдастырған халықаралық ауылшаруашылық форумында Университет Нови-Садта (Сербия) өткізілді.
Форумға Сербия, Хорватия, Греция, Македония және Қазақстаннан ғалымдар, студенттер және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысты. Қатысушылар өз зерттеулері нәтижелерімен бөлісіп, сақтау және органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы фермерлердің өзекті мәселелерін талқылады.

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы өзінің білім беру, ғылыми және жобалық қызметіне БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) енгізе отырып, тұрақты дамудың қағидаттарын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Кафедра жер ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғи ресурстарды қорғау, кадастрлық жүйелерді цифрландыру және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына үлес қоса алатын білікті мамандарды даярлау бағытында жұмыс жүргізуде.
Кафедра келесі ТДМ-ға қол жеткізуге үлес қосады:
Кафедра кадастр және жер ресурстарын басқару саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізіп, болашақ мамандарда «жасыл» құзыреттерді дамыта отырып, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікке негізделген академиялық орта қалыптастыруда.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы
2024-2025 оқу жылында атқарған жылдық тәрбие жұмыстары
2024 жылы 19 қазанында Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. КД-24-30К және ЗУ-24-25К тобының білім алушылары куратормен бірге Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.
|
|
|
|
|



19 қазанда КД-24-29К және КД-24-30К топтарының білім алушылары куратормен бірге Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсияға барды. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына арналған жәдігерлерді тамашаладық. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын түрлі ұлттардың ұлттық киімдерімен, тұрмыстық бұйымдарымен танысты.

№6 “Ақ бұлақ” студенттер үйінде “Күзгі балл” өтті. Жарыс түрінде ұйымдастырылған іс-шарада жеңімпаздарға сыйлықтар таратылып, студенттер өнерлерін көрсетті.

16 желтоқсан оқиғасына байланысты аға оқытушы Сагандыкова Д.Н. кураторлық тобымен бірге іс-шара өткізілді. Сол оқиғаның куәгері болған Кожабекова Ардак Жакетаевна шақырылды.

Ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай №6 “Ақ бұлақ” студенттер үйінде іс-шара болды. Ақынның өлеңдері оқылып, өмірінен үзінді ретінде көріністер қойылды. Студенттер өз өнерлерін көрсете отырып, өздерін көрсете білді.


22 Наурызға арналған 1 курс студенттерімен өткен мерекелік іс-шара өтті. Қазақтың ұлттық ойындары көрсетіліп, ән бимен студенттер өз өнерлерін көрсетті.
2025 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Арбат алаңында «Жастарға жұмыс» атты республикалық жәрмеңке өтті. Бұл маңызды іс-шараға ҚазҰАЗУ-дың «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының студенттері де белсенді қатысып, өздерінің болашақ кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтті.
Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жұмыс беруші компания, ұйым және мекеме қатысты. Олар студенттерге тұрақты жұмыс орындарын ұсынумен қатар, өндірістік тәжірибе алу мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы соңғы жаңалықтар мен сұраныстар туралы пайдалы ақпарат берді.
ҚазҰАЗУ-дың «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасынан 3-ші және 4-ші курс студенттері арнайы шақырылып, кәсіби бағыт-бағдар алу және болашақ мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылауға қатысты. Айта кетерлігі, 4-курс бойынша 90 студент жәрмеңкеге қатысып, өз мамандықтары бойынша нақты ұсыныстар мен байланыстар орнатуға мүмкіндік алды. Кафедра басшылығы тарапынан әр курсқа жауапты тұлғалар белгіленіп, студенттердің жәрмеңкеге толық қатысуы қамтамасыз етілді.
Бұл шара жастардың еңбек нарығына тиімді енуіне, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуына үлкен мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, жәрмеңке еліміздегі жас мамандардың әлеуетін арттыруға және олардың тұрақты жұмыс орындарын табуына септігін тигізеді.
ҚазҰАЗУ мен «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы атынан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жастардың кәсіби жетістіктеріне тілектестігімізді жеткіземіз.
Бірге жастардың жарқын болашағына қолдау көрсетейік!



Жер ресурстары және кадастр кафедрасы студенттердің сапалы практикалық даярлығына және оқуын аяқтағаннан кейін табысты жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөледі.
Өндірістік практика
Студенттер жерді басқару, кадастрлық қызметтер, геодезия және жер ресурстарын басқару саласындағы жетекші ұйымдарда өндірістік практиканы өтеді. Кафедраның серіктестері қатарында мемлекеттік жер комитеттері, кадастр палаталары, жобалау және инженерлік компаниялар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен экология саласындағы мекемелер бар. Практика студенттерге теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, заманауи технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруге, кадастрлық құжаттар мен геоақпараттық жүйелермен жұмыс жасау дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың жұмысқа орналасуы
Кафедра түлектері жер кадастрын жүргізу, геодезия, жерді басқару саласындағы мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында табысты жұмысқа орналасады. Көптеген түлектер жер ресурстарын басқарумен байланысты мемлекеттік органдарда, сондай-ақ инженерлік және консультациялық қызмет көрсететін компанияларда мансаптарын бастайды. Кафедра жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатып, студенттерге жұмыс іздеуде жәрмеңкелер, тағылымдамалар және ұсыныстар арқылы қолдау көрсетеді.
Мансапты дамытуға қолдау
Кафедра табысты мансап бастауы мен өсуі үшін түйіндеме жазу, сұхбаттасу техникаларын меңгеру және кәсіби дағдыларды дамыту бойынша кеңестер, семинарлар және тренингтер ұйымдастырады. Студенттер ғылыми конференциялар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие, бұл жұмыс нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.


📄 Меморандум – Ұлттық геодезия және кеңістік ақпарат орталығы.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Сарқан аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Талғар ауданы Кайнар ауылдық округі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Текелі қаласы УЗО.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – ТОО «ASAR Construction».pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Тараз қаласы УЗО (до 31.12.2026).pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Шардара аудандық ТЖЖК бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Шымкент қаласы жер ресурстарын басқару.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Жетісу облысы жер қатынастары басқармасы.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Жетісу облысы ЦОН.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Жылой ауданы жер қатынастары бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Земельный департамент города Алматы.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – КАЗГЕОСФЕРА ЖШС.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Қаратал ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Кербұлақ ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Қазалы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Қарасай ауданы тіркеу және жер кадастр бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Қызылорда облысы бойынша филиал.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – GeoPro Global ЖШС.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Arena Estate ТОО.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Gammer Engineering ЖШС.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Алматы қаласы бойынша филиал.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Алматы облысының жер қатынастары басқармасы ММ.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Terra Exploration ТОО.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Nova Terra ЖШС.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Алматы қалалық жер ресурстары департаменті.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.pdf
📄 Тағылымдамадан өту туралы келісім – Бәйдібек ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.pdf
📄Тағылымдамадан өту туралы келісім – АГРОХАБ (ҚазҰАЗУ).pdf
📄Практика базалары – База практики кафедры
📄Дуальды оқыту туралы келісім – ДОГОВОР ДУАЛЬНОМ ОБУЧЕНИИ В ОРГАНИЗАЦИЯХ ВЫСШЕГО И ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Мурсалимова Эльмира Аскаровна «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының жаңа меңгерушісі болып тағайындалды.
Эльмира Аскаровнаның ғылыми-педагогикалық қызметте мол тәжірибесі бар, ол мамандарды даярлау мен жер ресурстары және кадастр саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына белсенді үлес қосып келеді. Оның кәсібилігі мен көшбасшылық қасиеттері кафедраның кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми бағыттардың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Кафедра мен факультет ұжымы Эльмира Аскаровнаны шын жүректен құттықтап, жаңа жауапты қызметінде табыс тілейді!
2025 жылдың 2 қыркүйегінен 8 қарашасына дейін қысқы қабылдау докторанттары педагогикалық тәжірибеден өтуде. Тәжірибеге «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының докторанты Нұрғали Турманбетов пен «Кадастр» білім беру бағдарламасының докторанты Әсел Даркенбаева кірісті.
Докторанттар «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессорларына бекітілген. Олардың жетекшілігімен докторанттар оқу процесіне белсенді қатысады. Тәжірибе барысында дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысу, жекелеген тақырыптарды жүргізу, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және оқу процесін ұйымдастыру бойынша дағдыларды меңгеру қарастырылған.
Педагогикалық тәжірибе – ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызды кезеңі. Ол кәсіби құзыреттерді дамытуға, педагогикалық мәдениетті қалыптастыруға және теориялық білімді практикада бекітуге бағытталған. Бұл тәжірибе докторанттардың болашақта табысты кәсіби қызметке дайын, жерге орналастыру мен кадастр саласындағы ғалымдар мен оқытушылар ретінде қалыптасуына ықпал етеді.




11–17 тамыз аралығында «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының постдокторанты, PhD, аға оқытушысы Айтхожаева Гүлсім Сұлтанқызы Германияның Халле қаласында орналасқан Өтпелі кезеңіндегі экономикасы бар елдердегі аграрлық даму институтында (IAMO) ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама Жас Ғалым бағдарламасы аясындағы «Тұрақты жер пайдалану тиімділігінің критерийін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу жобасын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда. Институтта болу барысында аграрлық экономика мен жер ресурстары саласындағы жетекші шетелдік мамандармен бірлесе жұмыс істеу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ тұрақты жер пайдалануды талдау мен бағалаудың озық әдістерін меңгеру жоспарланған.
Бұл тағылымдама университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға, ғылыми әлеуетін арттыруға және алынған нәтижелерді кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.

