Кәсіби қызмет бағыттары
Түлектердің кәсіби қызмет бағыттары: ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰУА) пайдалану, олардың техникалық қызмет көрсетуі және Сухопуттық әскерлердегі мотожаяу бөлімшенің ұшқышсыз ұшу аппараттарын, қару-жарақтары мен техникаларын жауынгерлік қолдану; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Сухопуттық әскерлерінің мотожаяу бөлімшелерінің әртүрлі шайқас түрлерінде жауынгерлік қабілеті мен өміршеңдігін қамтамасыз ету; бөлімшелердің жеке құрамын оқыту және тәрбиелеу.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Түлек базалық және профильдік дайындығына сәйкес мамандануы бойынша нысандарда келесі міндеттерді шеше алады: мотожаяу бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік құжаттарын әзірлеу және рәсімдеу; бөлімдердің жеке құрамымен жауынгерлік даярлық пен күнделікті қызметті ұйымдастыру; бөлімнің ұшқышсыз ұшу аппараттарын, қару-жарақтары мен техникаларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету, жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету; жауынгерлік іс-қимылдар барысында ҰУА, техника және жаяу қаруын дайындау және оларды жауынгерлік қолдану; бөлімді жоғары жауынгерлік дайындық дәрежесіне көшіру кезінде шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау; Жауынгерлік даярлық бағдарламасы бойынша бөліммен сабақтар ұйымдастыру және өткізу; бөлімде тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу, әңгімелер өткізу және жеке құрамды ақпараттандыру.
Кәсіби қызметтің функциялары
Түлек базалық және профильдік дайындығына сәйкес мамандануы бойынша нысандарда келесі міндеттерді орындай алады: мотожаяу бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік құжаттарын әзірлеу және рәсімдеу; бөлімдердің жеке құрамымен жауынгерлік даярлық пен күнделікті қызметті ұйымдастыру; бөлімнің ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰУА), қару-жарақтары мен техникасын пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету; ұшқышсыз ұшу аппараттарын, техниканы және жаяу қаруын дайындау және оларды жауынгерлік жағдайда қолдану; бөлімді жоғары жауынгерлік дайындық дәрежесіне келтіру кезінде іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау; бөліммен Жауынгерлік даярлық бағдарламасы бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу; бөлімде тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, әңгімелер өткізу және жеке құрамды ақпараттандыру.
Кәсіби қызмет түрлері
Түлектердің кәсіби қызметінің түрлері: командалық-тактикалық; ұйымдық-басқарушылық; тәрбие-идеологиялық; инженерлік-техникалық; эксперименттік-зерттеу.
Кәсіби қызмет пәндері
Түлектердің кәсіби қызметінің пәндері: мотоатқыштар бөлімшелері мен бөлімшелерінің жауынгерлік іс қимылдарды жүргізуін жоспарлау және ұйымдастыру; мотоатқыштар бөлімшелері мен бөлімдерінің қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдану.
Кәсіби қызмет объектілері
Түлектердің кәсіби қызмет нысандарына мыналар жатады: қазіргі заманғы соғыстың сипаты, ондағы қолданылатын қарулы күрес құралдары; мотожаяу әскер бөлімшелерінің әрекет ету негіздері; взводтың техникасы мен қару-жарағын әртүрлі жағдайларда шайқасқа дайындау мен жүргізуді қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер мен техникалық құралдар; байланыс құралдарын пайдалану, мотожаяу әскер құрамында ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік қолдану.
Кәсіби қызмет саласы
Мамандануы бойынша қызмет саласы — ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік қолданудың тапсырмаларын орындауға бағытталған әскери қызметтің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.