ҚазҰАЗУ

Семинар «Сиверс алмасы – табиғат, ғылым, өнер»

Пресс-релиз

📍 Алматы қ., Бас ботаникалық бақ
📅 2025 жылғы 14 тамыз
🎨🌱 Семинар «Сиверс алмасы – табиғат, ғылым, өнер»

2025 жылғы 14 тамызда Алматыдағы Бас ботаникалық бақта «Сиверс алмасы – табиғат, ғылым, өнер» атты пәнаралық семинар өтті. Семинар суретшілерді, ғалымдарды, педагогтар мен экологтарды жабайы алма (Malus sieversii) мұрасының төңірегіне топтастырды. Бұл алма түрі – өңірдің биологиялық әрі мәдени байлығының символы. Семинар жұмысына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушылары мен ғалымдары қатысып, эндемикалық өсімдіктерді зерттеу және олар туралы білімді насихаттау бағытында университет мамандарының еңбегімен бөлісті.

«Алмалы Жұмақ» қоғамдық қоры Институт ботаникасы және фитоинтродукциясының қолдауымен ұйымдастырған семинар өнер мен экологиялық білім беру арасындағы диалог алаңына айналды. Іс-шараның ашылуында Ажар Жандосова мен Гүлнар Ситпаева құттықтау сөз сөйлеп, табиғи мұраны креативті тәсілдер арқылы сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинардың мақсаты – Malus sieversii-ге қызығушылықты арттыру және шығармашылдар мен педагогтарды біріктіретін халықаралық қауымдастықтың негізін қалау. Германиядан келген модератор Ханнес Бюркманн «Malus sieversii бойынша өнер және экологиялық білім беру» бизнес-моделін дамытуға бағытталған жоба тұжырымдамасын таныстырды.

Қатысушылар Сиверс алмасының ботаникалық ерекшеліктерімен коллекциялық баққа экскурсия барысында және Гаухар Мұқанның баяндамасы арқылы танысты. Неміс суретшісі Бригитта Хоффердің 2024 жылғы көркем жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Оның жұмысы Malus sieversii-дің табиғи эстетикасынан және экологиялық мәнінен шабыт алған.

Жеңіл фуршеттен кейін қатысушыларға Hochstamm Deutschland e.V. ұйымының өкілдері – Ханнес Бюркманн мен София Филипп экологиялық білім берудің практикалық мысалдарын көрсетті. Интерактивті сессияда жобаны жергілікті және халықаралық деңгейде одан әрі іске асыруға қатысты қызығушылықтар, қажеттіліктер мен идеялар талқыланды.

Семинардың қорытындысында суретшілер мен педагогтарға Malus sieversii тақырыбын өз тәжірибелеріне енгізуге мүмкіндік беретін әдістемелік құрал таныстырылды.

Семинар өнерді ғылым, табиғат және білімнің арасындағы көпірге айналдыра отырып, тұрақты қауымдастық қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Қатысушылар Сиверс алмасын экологиялық сананың және мәдени диалогтың символына айналдыру идеясынан шабыт алып, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

   

  

---------Chatbot---------
виртуальный помощник