Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары
"Агрономия, селекция және биотехнология" кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысындағы негізгі міндеттері:
- жаңа білімдерді құру және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу үшін негіз ретінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді басым дамыту;
- ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде білікті мамандар мен жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
- теориялық және ғылыми-практикалық зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерді сәтті үйлестіре отырып, білім алушыларды оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу жолымен жоғары сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету.
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының аграрлық ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеу бағдарламаларын іске асыру (Сербияның егіншілік және көкөніс шаруашылығы институтымен, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын трансферттеу және бейімдеу бойынша бірлескен жобаларды құру) жүзеге асырылуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері (нақты егіншілік, тамшылатып суару және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мәселелері бойынша) "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арқылы ҚР агроқұрылымдары мен фермерлік шаруашылықтарына консультациялық қызметтер көрсетілуде.
ҚР БжЖҒМ бойынша жобалар
1. «Қазақстан жағдайында шетелдік селекцияның күздік ас бұршақ сорттарын трансферттеу және бейімдеу». 2021 ж. Жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі, а.-ш. ғ. д., профессор Кененбаев С. Б.
2. «Суармалы жерлерді қарқынды пайдалану үшін дәстүрлі емес дақылдарды іріктеу және өсіру аймақтарының биоклиматтық әлеуетіне байланысты жасыл конвейер құру» 2021-2023 жж. Жоба жетекшісі: а.-ш. ғ. к., профессор Ержанова К. М.
3. «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тозған суармалы жерлердің құнарлылығын қалпына келтірудің агробиологиялық әдістері». 2022-2024 жж. Жоба жетекшісі: а.-ш. ғ. к., қауымд. профессор Досжанова А. С.
4. «Топырақтың құнарлылығын арттыруды және органикалық өнім өндіруді қамтамасыз ететін жүгері өсірудің жасыл технологиясын әзірлеу және енгізу». 2022-2024 жж. Жоба жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі, а.ш.ғ.д., профессор Кененбаев С. Б.
5. «Серб селекциясының «Космаj» бейімделген қысқы бұршақ сорты және оны Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығында өсіру технологиясы». 2023-2025 жж. Жоба жетекшісі: а.ш.ғ.к., профессор Есенбаева Г.Л.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру және халықаралық тәжірибе
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының профессоры Мырзабаева Гүлнар Азимбаевна — «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасының жеңімпазы. Ол 2024 жылдың 10 маусымынан 22 тамызына дейін Болгарияның Садово қаласындағы тәжірибе станциясы жанындағы К. Малков атындағы Өсімдік генетикалық ресурстары институтында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама тақырыбы — «Дәнді, бұршақ тұқымдас, майлы және техникалық дақылдарды өндірудегі инновациялық технологиялар, сондай-ақ суармалы егіншілік жүйелері».
Тағылымдама барысында өсімдік генетикалық ресурстарының коллекцияларын зерттеу және оларды селекцияда пайдалану, заманауи агротехнологияларды әзірлеу мен биологиялық егіншілікті дамытуға ерекше назар аударылды. Өсімдік генетикалық ресурстары институты — Болгариядағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі. Мұнда 135 жылдан астам уақыт бойы жоғары ғылыми және тарихи құндылыққа ие өсімдік коллекцияларын жинақтау, зерттеу және сақтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Институттың Ұлттық генбанкінде шамамен 67 000 үлгі және 2670 өсімдік түрінің тұқымдары сақталады, олардың қатарында сирек кездесетін және жабайы түрлер де бар. Сондай-ақ мұнда ботаникалық бақ, гербарий, тұқымтану, өсімдіктерді қорғау, биохимия, физиология, агрохимия және биотехнология бағытындағы мамандандырылған зертханалар жұмыс істейді.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты — Болгарияның ғылыми ұйымдарында қолданылып жүрген инновациялық технологиялар мен өндіріс әдістерімен танысу, өсімдік шаруашылығында ақпараттық және биотехнологиялық шешімдерді пайдалану тәжірибесімен алмасу болды. Бағдарлама оқытушылардың біліктілігін арттыруға, ғылыми құзыреттерін дамытуға және халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануға бағытталды.
Тағылымдама нәтижесінде профессор Мырзабаева Г.А. Болгарияның ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми байланыстарды нығайтып, селекциялық жұмыстарда инновациялық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар болгар ғалымдарымен бірлесе отырып, екі ғылыми монография дайындап, жарыққа шығарды: көлемі 193 бет болатын орыс тіліндегі жеке басылым және көлемі 604 бет болатын орыс, ағылшын және болгар тілдеріндегі бірлескен еңбек. Алынған білім мен тәжірибе Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқу және ғылыми қызметінде қолданылады, бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және аграрлық ғылымға озық технологияларды енгізуге үлес қосады.
Ғылыми жоба ГФ АР 19680408 «Қазақстандағы органикалық егіншілікте сербиялық селекциядағы “Космај” күздік ноқат сорты және оны өсіру технологиясы» жобасының ғылыми жетекшісі, профессор Есенбаева Гульмира Лемисовна 2025 жылдың 20–24 сәуірі аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) іссапарда болды. Іссапар университеттің 2025 жылғы 2 сәуірдегі №89-и/с бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
Іссапар бағдарламасына сәйкес профессор Есенбаева Г.Л. Мирзо Улуғбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті базасында 2025 жылдың 21–23 сәуірі аралығында өткен «Қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, тозған топырақтардың құнарлылығын арттырудағы инновациялық технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция аясында профессор ғылыми мақала дайындап, «Қазақстандағы органикалық егіншілікте сербиялық селекциядағы “Космај” күздік ноқаты» тақырыбында баяндама жасады. Ол 2025 жылдың 21 сәуірінде Ташкент қаласындағы “Wyndham Tashkent” қонақ үйінде өткен пленарлық отырыста баяндама жасап, “Космај” сортының Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделу нәтижелерін және оны органикалық егіншілікте қолдану перспективаларын таныстырды.
Конференция барысында профессор Есенбаева Г.Л. Чатқал жотасының батыс сілемдері мен Ферғана аңғары аймақтарына жасалған ғылыми-далалық экспедицияға да қатысты. Экспедиция кезінде тік және көлденең аймақтық топырақ типтерімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар, Наманган қаласындағы “Ifoda Agro Kimyo Himoya” кәсіпорнын аралап, тыңайтқыш өндірісі саласындағы инновациялық әзірлемелермен және суармалы егіншіліктегі заманауи, ресурсты үнемдейтін технологиялар бойынша тәжірибелермен танысты.
Іссапар нәтижесінде Өзбекстан, Молдова, Ресей және басқа да елдердің ғалымдарымен ғылыми байланыстар орнатылды. Бұл байланыстар алдағы уақытта органикалық егіншілік пен экология саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен жобалар мен жарияланымдар әзірлеуге, сондай-ақ зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуға берік негіз қалайды.
2025 жылғы 2 сәуір мен 29 маусым аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары — Баядилова Гүлсүн Оңғарқызы және Құланбаева Қаламқас Жанабекқызы — Болгария Республикасының Садово қаласындағы К. Малков атындағы Өсімдік генетикалық ресурстары институтында, Болгария Аграрлық академиясы жанында, үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама «Болашақ» және «500 ғалым» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылды, олардың мақсаты — ғылым мен білім саласында кадрлық әлеуетті дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Тағылымдама бағдарламасының тақырыбы — «Суармалы егіншіліктегі инновациялық технологиялар». Оқыту барысында профессорлар тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін, топырақ ылғалдылығын бақылаудың цифрлық технологияларын, су ресурстарын басқаруда қолданылатын агро-GIS жүйелерін, сондай-ақ топырақ құнарлылығын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдермен сақтаудың жолдарын зерттеді. Арнайы назар шектеулі су ресурстары мен климаттың өзгеруі жағдайында өнімділікті тұрақты деңгейде сақтауға бағытталған агротехнологияларға аударылды.
Ғылыми тағылымдама барысында қатысушылар дәнді, бұршақ тұқымдас және көкөніс дақылдарының коллекцияларымен жұмыс істеу, сорттардың халықаралық дескрипторларын зерттеу, өсімдіктердің абиотикалық және биотикалық стресстерге физиологиялық төзімділігін бағалау бойынша эксперименттер жүргізу сияқты зерттеу жобаларына қатысты. Зерттеулердің елеулі бөлігі дәл егіншілік жүйелері мен су үнемдейтін технологиялар қолданылатын зертханалар мен тәжірибелік шаруашылықтарда өтті.
Алынған білім мен тәжірибелік дағдылар ҚазҰАЗУ-дың оқу және ғылыми қызметінде белсенді түрде қолданылады. Университетте оқу бағдарламаларын жаңарту, цифрлық және тұрақты егіншілік бойынша жаңа модульдер әзірлеу, студенттер мен магистранттар үшін практикалық сабақтар мен семинарлар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, университеттің оқу-тәжірибелік алаңдарында тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерімен жабдықталған демонстрациялық учаскелер ұйымдастырылып, студенттерге инновациялық агротехнологияларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігі беріледі.
Тағылымдама сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты. Болгарияның Өсімдік генетикалық ресурстары институтымен өзара әріптестік орнатылып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және халықаралық гранттық жобаларға қатысу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Тағылымдама нәтижелері оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, университеттің ғылыми көкжиегін кеңейтуге, және Қазақстанның аграрлық саласы үшін жаңа буын мамандарын даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етті.
Ғылыми жоба ГФ АР 19680408 «Қазақстандағы органикалық егіншілікте сербиялық селекциядағы “Космај” күздік ноқат сорты және оны өсіру технологиясы» жобасының жетекшісі, профессор Есенбаева Гульмира Лемисовна 2025 жылдың 29 маусымынан 5 шілдесіне дейін Ресей Федерациясының Волгоград қаласында іссапарда болды. Іссапар 2025 жылғы 22 мамырдағы №200-и/с бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылды.
Профессор Есенбаева Г.Л. 2025 жылдың 1–4 шілдесі аралығында өткен «Водоснабжение в АПК» жер мелиорациясы жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына қатысты. Форум «Всероссийский День поля – 2025» агроөнеркәсіптік көрмесінің шеңберінде Суармалы егіншілік ғылыми-зерттеу институты филиалының базасында өткізілді.
Іс-шара барысында профессор «Қазақстандағы органикалық егіншілікті дамытудың жолдары» атты баяндама дайындап, ұсынды, сондай-ақ «Орошаемое земледелие» атты ауыл шаруашылығының ғылыми-өндірістік журналында ғылыми мақаласын жариялады. Бұл баяндама 2025 жылғы 2 шілдеде өткен форумның пленарлық отырысында таныстырылып, халықаралық қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, себебі онда экологиялық тұрғыдан тұрақты егіншіліктің өзекті бағыттары мен Қазақстан жағдайында органикалық технологияларды енгізу тәжірибесі қарастырылды.
Форум аясында профессор Есенбаева Г.Л. келесі дала және ғылыми-тәжірибелік семинарларға қатысты:
-
«Городищенск суару жүйесін қайта құру» (ФГБУ «Волгоградмелиоводхоз»);
-
«Волгоград облысының суармалы жерлеріндегі жүзім шаруашылығын дамыту» (Шишлянников М.В. шаруа қожалығы, Дубовский ауданы);
-
«В.И. Ленин атындағы Волга–Дон кеме жолы каналының құрылысы мен пайдаланылу тарихы» (Пятиморск кенті, Калачев ауданы).
Сонымен қатар, профессор 2025 жылғы 4 шілдеде Волгоград облысының Среднеахтубин ауданында өткен «Всероссийский День поля – 2025» агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Көрмеде мелиорация, селекция және тұрақты егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелер ұсынылды.
Іссапар нәтижесінде профессор Есенбаева Ресей, Беларусь және басқа да елдердің ғалымдарымен кәсіби байланыстар орнатты, бұл өз кезегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жобаларын әзірлеуге негіз қалайды.