Профессор-оқытушылар құрамы бойынша
1. Бекітілген фома бойынша өтініш
2. Жеке парақ және / немесе түйіндеме/ анкета/ қызметтік тізім
3. Өмірбаян
4. білімі туралы дипломдардың, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (сырттан конкурсқа қатысушылар үшін);
5. біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
6. соңғы 3 жылдағы ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі;
7. № 075 нысанындағы медициналық анықтама;
8. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама);
9. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (басшы лауазымдарға орналасуға кандидаттар үшін);
10. наркологиялық диспансерден медициналық анықтама (Egov порталы арқылы);
11. психоневрологиялық диспансерден медициналық анықтама (Egov порталы арқылы);
12. Халықаралық сертификаттар:
12.1. «Шетел тілі» пәнінен сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамы үшін:
- ағылшын тілі – IELTS сертификаты (кемінде 6.0–6.5) немесе TOEFL iBT;
- қытай тілі – HSK сертификаты.
12.2. Шетел тілінде жалпы және (немесе) арнайы пәндерден сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамы үшін:
- IELTS Academic – кемінде 5.0;
- TOEFL iBT – кемінде 35;
- TOEFL ITP – кемінде 417;
- TOEIC – кемінде 550;
- Duolingo English Test – кемінде 80.
12.3. Сабақтарды мемлекеттік тілде жүргізетін профессор-оқытушылар құрамы үшін QAZTEST сертификаты:
- жалпы және (немесе) арнайы пәндер бойынша – В1 деңгейінен төмен емес;
- «Қазақ тілі» пәні бойынша – С1 деңгейінен төмен емес.
13. қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыным хат, сондай-ақ кандидат білімін, кәсіби деңгейін және басқа да жетістіктерін растайтын қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Сізді бос лауазымдар конкурсына қатысуға шақырады.
Бос лауазымдар
Егер Сіз конкурсқа қатысуға мүдделі болсаңыз, құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн (қоса алғанда) ішінде жолдауды сұраймыз (2026 жылдың тамыз айының 14 мен 24 аралығында).
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.
Өтінішті және құжаттарды мына мекен-жайға өткізу қажет: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, кадрлық іс жүргізу бөлімі (1-қабат, № 30 кабинет).
Анықтама телефондары: 8-7011001645; 8-707-8222485;