“Ұлттар үндестігі: Дәм мен дәстүр” 30.04.2025 ж. Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Найманова Ж. және 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен керемет мәдени шара өтті!
“Ұлттар үндестігі: Дәм мен дәстүр”
30.04.2025 ж. Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Найманова Ж. және 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен керемет мәдени шара өтті!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластырылған бұл шарада түрлі ұлттың ұлттық тағамдары, киімдері және салт-дәстүрлері таныстырылды. Бұл күн – бейбітшілік пен татулықтың, бірлік пен достықтың нағыз үлгісіне айналды! Бір дастархан басында жүздескен әр ұлттың өкілдері – еліміздің басты байлығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!