KazNARU ӨКІЛІ «ӘЛЕМДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ
2025 жылдың 20 мамырында Талдықорған қаласында «Жұмысшы жыл» аясында, Жетісу облысының білім басқармасы мен Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Әлемдік техникалық және кәсіптік, орта білім беру кеңістігіндегі өзара әрекеттестік» тақырыбында халықаралық семинар болып өтті.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің тиімділігі мен тұрақты дамуын арттырудың практикалық міндеттерін талқылау мақсатында өткен семинарды Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Жүнісов Даурен Хабдолданұлы ашты.
Семинардың пленарлық жұмысына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Ләззат Әлдібаева, Бішкек құрылыс, сәулет және басқару колледж директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Марина Досбергенова, бөлім меңгерушісі Нура Иманалиева, Меркі колледжінің директоры Ғалымжан Мамырбаев, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Бектұрған Ахметов, «Талап» КеАҚ Техникалық және кәсіптік білім әдіснамасы және мазмұны басқармасының 1-дәрежелі бас менеджері Анар Әлмағамбетова қатысты.
Іс-шара аясында KazNARU өкілі Ләззат Әлдібаева колледж студенттеріне еліміздегі аграрлық жетекші жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігі мен қызметі туралы ақпараттармен бөлісіп, заманауи зерттеу университетке айналудағы басты жетістіктер – дуальды оқыту жүйесі мен жас мамандарды даярлаудағы жаңа тәсілдер жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге, ол кәсіби бағдар беру жұмысын да қоса жүргізді.
QS әлемдік рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 5-ші, Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында 6-шы орынға көтерілген оқу ордамыздың материалдық-инфрақұрылымдық базасы нығайып, халықаралық ғылыми-білім беру байланыстары дамып келеді. Әлемнің озық университеттерімен ынтымақтастық нәтижесінде IT-технологияларды пайдалана отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі халықаралық зертхана, ауыл шаруашылығы дрондарын басқаруды оқыту және зерттеу сияқты т.б. көптеген ғылыми орталықтар құрылуда. Сондай-ақ, шетелдік жетекші оқу орталықтарымен бірлесіп, университетте 7 екі дипломдық білім беру бағдарламасы іске асырылуда.
Семинарға қатысушыларға аграрлық саланың білікті мамандарын жоғары деңгейде дайындаудағы бейне роликтер көрсетіліп, қосымша ақпараттық парақшалар таратылды. Кездесу барысында аграрлық нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша біздің университетке грантқа тапсыруға ниет білдіргендер өз ұсыныстарымен бөлісті.
Жиын барысында жұмыс беруші әлеуметтік серіктестіктер атынан «ТАТЭК» АҚ оқу орталығының жетекші инженері Дана Нуршанова «Электржабдықтары» мамандықтарының екі жақты жұмыспен қамту мәселесін қозғады, Жетісу университеті мансап және жұмысқа орналасу орталығының директоры Самал Смағулова білім алушылардың жұмысқа орналастыру мәселе бойынша ұсыныстар білдірді.
Тәжірибе бөлісу алаңдарынада жалғасқан пікіралмасуда Алматы облысы Талғар агробизнес және менеджмент колледждінің директоры Динара Бозымбекова, Сарқан политехникалық колледж директоры Ерлан Дармишев, Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің оқу-өндірістік бөлім меңгерушісі Абылай Сәлімбаев, Өркен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының тренері Гүлнар Төкенова, Жетісу облысы Білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» әдіскері Лаура Орманова, Жетісу облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Дианара Қыдыкенова сөз сөйлеп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында белсенді қатысушыларға Жетісу облысы Білім басқармасының Алғыс хаттары және сертификаты тапсырылды.
KazNARU Баспасөз қызметі