ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУІ: ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ KISTI ИНСТИТУТЫМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
2025 жылғы 22 мамырда ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик мырзамен кездесті!
Кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы байланыстарды дамыту мен нығайту бағыттары және Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (KISTI) стратегиялық серіктестік орнату мәселелері талқыланды.
Ұлттық ғылым академиясы KISTI тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның ғылыми және технологиялық бастамаларын үйлестіретін, сондай-ақ болашақта Орталық Азия елдері үшін маңызды алаңға айналатын ахуалдық-болжамдық талдау және форсайттық зерттеулер жүйесін құруға кірісті.
Аталған жұмыстарды бірлесе атқаруға Елші мырза өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
⸻
Анықтама үшін:
KISTI – ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы Оңтүстік Кореяның ұлттық институты. Бұл институт енгізген ғылыми-техникалық ақпарат жүйесі Кореяның инновациялық экожүйесінің негізгі құрамдас бөлігіне айналып, деректерді жүйелеуді, үрдістерді талдауды және ғылым мен технологиялар саласындағы стратегиялық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етті.
Мемлекеттік басқаруға қосқан зор үлесі үшін БҰҰ марапатына ие болған бұл жүйе Оңтүстік Кореяға ғылыми-техникалық саясатты оңтайландырып, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.
#ҚРҰҒА #KISTI #ҚазақстанКорея #ҒылымиЫнтымақтастық #ТехнологиялықДаму #ФорсайтЗерттеулер #ҒылымЖүйесі #Инновация #KAZKISTI #KZScience #ХалықаралықСеріктестік