АГРАРЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТТЕР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЕНГІЗУДІ БАСТАДЫ
«Jibek Joly» телеарнасы ұсынады!
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті заманауи дрондардың көмегімен егін алқаптарын бақылап, сандық шешімдерді іске асырды. Бұл бастама AI SANA ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Бағдарламаның алғашқы кезеңі аяқталып, 9 мыңнан астам сертификат табысталды. Ең қызығы - әлі алда. Күзде студенттер нейрожелілерді қолданып, өз стартап жобаларын жасайды. Университетте оған қажетті барлық жағдай жасалған: смарт-зертхана, жасанды интеллект пен дрондарды енгізу орталықтары жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы KazNARU Академиялық мәселелр жөніндегі департамент директоры Гүлмира Алпысбаева әңгімелейді.
KazNARU Баспасөз қызметі