KazNARU

АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ

✅ 2025 жылғы 23-24 мамырында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Семей қаласында Shakarim University базасында «Абайдың «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты республикалық форум болып өтті.

✅ Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған бұл форумға республикамыздың 70-тен астам жоғары оқу орнынан 200-ге жуық тәрбие саласының басшылары, жастар саясатының өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты еңбегінде: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» – деп атап көрсеткен болатын.

✅ Форумға қатысып қайтқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Асима Ералиева республикалық жиынның мән-маңызына тоқталып, Абай ілімінің тұтас ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылыққа негізделгенін атап өтті.

✅ Республикалық Форумда арнайы сөз сөйлеген ҚР ҒжБМ ЖжЖООКБ Комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, Shakarim University ректоры Думан Орынбеков, белгілі абайтанушы ғалымдар – Гүлтас Құрманбай, Әзімхан Исабек, Ақмарал Смағұлова және және т.б. спикерлер Абай мұрасының елдік мүдде мен ұлттық бірліктің көзі ретіндегі маңызы мен жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудағы рөліне жаңаша баға беріп, еліміздің жастарын тәрбелеу барысында Абайдың толық адам қағидасына сүйенудің маңыздылығын түсіндірді.

✅ Форум аясында қатысушылар Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейін аралап, «Қарагөз» студент-жастар театрының қойылымын тамашалады.

✅ Екінші күні Абайдың туған жеріне экскурсия жасап, Күшікбай асуына аялдап, М.О.Әуезовтің Бөрілідегі музей-үйімен, «Еңлік-Кебек» кесенесімен, Жидебайдағы Абай музей-үйімен және Абай-Шәкәрім кесенелерімен танысты.

✅ Форум шын мәнінде Абайдың «Толық адам» ілімі қазіргі жаһандану заманында кемелденген, терең ойлы, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыратын стратегиялық модельге айналғанын, қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуының іргетасы екендігін дәлелдеген нағыз зияткерлік пікірталас алаңы болуымен есте қалды.

✅ Рухани аса маңызды іс-шараға қатысқан барлық білім беру ұйымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Shakarim University басшылығы тарапынан Форумның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына ризашылық білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник