KAZNARU студенттері «Питомник Лукоморье» кәсіпорнында
2025 жылдың 27 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастырумен профессор-оқытушылар мен «Агробиология» факультетінің студенттері Алматы облысы Талғар ауданындағы «Питомник Лукоморье» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы іс-шараға қатысып қайтты.
Аталмыш «Питомник Лукоморье» – 6 гектар контейнерлік алаңы мен 1,5 гектар заманауи жылыжай кешені бар, жылына бір миллионнан астам көшет өсіретін еліміздегі жетекші агроөндірістік ірі кәсіпорын.
Тәжірибе алмасу алаңында жалғасқан іс-шарада кәсіпорын құрылтайшысы Зарина Самигуллина, бас агроном Тимур Юсупов, агроном Эльдар Юсупов және бас инженер Игорь Ибрагимов студенттерге өндірістің барлық кезеңдерін таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Және қатысушылар тарапынан өздеріне қойылған сұрақтарға жан-жақты тиянақты жауап берді.
Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері дуальды оқыту және кәсіби практика бойынша әріптестік мәселелерді қарастырып, студенттерге өндірістік тәжірибеден өту және болашақта білім алушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
«Агробиология» факультетінің оқытушылары мен жоғары курс студенттері бұл ұсынысты қуана қарсы алып, агробизнес саласында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіру мүмкіндігін тиімді пайдалануды құптады.
Сонымен бірге университет өкілдерін жақсы қарсы алып, тәжірибелік лекция ұйымдастырған «Питомник Лукоморье» ЖШС ұжымына қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі