KazNARU

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2025»: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ

«Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға арналған инженерлік технологиялар» бағыты бойынша Қазақстанның жетекші агроқұрылымдарының бірі – «Байсерке-Агро» ЖШС базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

✅Жазғы мектепке қатысушылар мал шаруашылығындағы инженерлік шешімдерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда:

ᴥ ірі қара малды автоматтандырылған ұстау және азықтандыру жүйелері,

ᴥ сүт сауу мен оны салқындатудың заманауи технологиялары,

ᴥ мал қораларындағы микроклимат жүйелері,

ᴥ жануарлардың жағдайы мен азық рационын цифрлық бақылау.

✅ «Байсерке-Агро» ЖШС – бұл көпсалалы агроөнеркәсіптік кешен, оның құрамына мыналар кіреді:

- 1200 сауынды сиырға арналған заманауи сүт фермасы,

- өнім сапасын бақылайтын зертханалық-аналитикалық қызмет,

- голштин тұқымды жоғары өнімді ірі қара мал,

- асылдандыру, ветеринария және табынды басқару саласындағы озық әдістер.

✅ Энергетика, мехатроника, автоматтандыру және цифрлық технологиялар бойынша білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен жас мамандар үшін бұл көшпелі тәжірибе – заманауи инженерлік шешімдерді іс жүзінде көру, цифрландыру тиімділігін бағалау және өндірістік ортамен тікелей жұмыс жасауға тамаша мүмкіндік болды.

✅ «Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясындағы мұндай нақты тәжірибеге бағытталған сабақтар – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне қажетті жаңа буын инженер кадрларын даярлаудың маңызды бөлігі табылады.

KazNARU баспасөз қызметі

#KazNARU #ЖазғыМектеп2025 #ИнженерлікТехнологиялар #ТұрақтыМалШаруашылығы #БайсеркеАгро #АграрлықИнженерия #SmartLivestock #AgroEngineering #ЦифрлықМалШаруашылығы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник