ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙТЫН ЕРЕКШЕ ОҚУ ОРНЫ ШАҚЫРАДЫ
Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында 2024-2025 оқу жылында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Филиалы ашылған болатын.
Қазіргі уақытта Филиалда «Су шаруашылығы және мелиорация», «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару», «Мелиорация және суармалы егіншілік» білім бағдарламасымен 31 студент оқып жүр. Жаңа оқу жылында тағы да 100 студент мемлекеттік грантқа қабылданады. (Жоспардан тыс өтініш берген талапкерлер ақылы негізде оқи алады).
Университет Жарғысына сәйкес, Филиалға ҰБТ-дан 50 шекті балл жинаған Қазақстан азаматтары түсе алады. Шетел азаматтары әңгімелесуден өтеді. ҚР заңамасына сәйкес, қандастар тобындағы талапкерлер шектеу баллсыз жеңілдікпен қабылданады.
Болашақ мамандар 2+2 принципімен екі жыл Алматыда, екі жыл Ташкентте білім алып, екі университеттің қос дипломын алып шығады.
Студенттер 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз етілген.
Университет жанында Әскери кафедра бар.
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Сіздерді Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа оқу ордасы – су шаруашылығы мамандарын даярлайтын жаңа Филиалда жоғары білім алуға шақырамыз!
Келіңіздер! Болашаққа қадамды бізден бастаңыздар!
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі