KazNARU

KazNARU "Халықаралық жазғы мектеп – 2025": ҰМЫТЫЛМАС СӘТТЕР, ҚЫЗЫҚТЫ ӘСЕРЛЕР!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында өткен "Халықаралық жазғы мектеп–2025" жабылу салтанаты 800-ден астам студенттерді, 60 оқытушы мен сарапшыларды біріктірген ауқымды білім беру және практикалық іс-шараның жарқын қортындысы болды. Оған 15 елден (АҚШ, Қытай, Малайзия, Германия, Польша, Румыния, Түркия, Ресей, Грузия Өзбекстан және т. б.) мемелекеттердің өкілдері қатысты.

✅ Халықаралық Жазғы мектептің жабылу салтанатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының Құттықтау хаты оқылды.

✅ Мектептің жабылу салтанатында сөз сөйлеген KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші Пірімқұл Ибрагимов Жазғы мектептің шын мәнінде халықаралық ғылыми платформаға айналғанына ризашылығын білдіре отырып, қатысушылардың агроөнеркәсіптік кешенге байланысты заманауи сын-қатерлерді белсенді талқылағанын және өзекті идеяларымен бөлісіп, инновациялық шешімдерді ұсынғанын атап өтті.

– Халықаралық жазғы мектепті өткізу – біздің университеттің жақсы дәстүріне және ашықтық пен халықаралық ынтымақтастықтың символына айналды. Биылғы жылы біз қатысушылардың қатарында ғылыми бағыттардың кең спектрін ұсынған өте талантты студенттерді, әр түрлі елдердің жас ғалымдары мен оқытушыларын кездестірдік. Бұл халықаралық ғылыми диалогқа, пәнаралық зерттеулерге және агросектордың тұрақты дамуы үшін шешімдерді бірлесіп іздеуге деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Жазғы мектепке қатысу жастар үшін кәсіби жағынан, әрі жеке тұлға ретінде өсудің маңызды кезеңі болды. Осында алған білімдері оларға өз идеялары мен бастамаларын ғылымда, өндірісте іске асыруға серпін береді деп сенемін, - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Өз кезегінде сөз сөйлеген шетелдік қонақтар мұндай іс-шаралар қатысушыларды жаңа біліммен байытып қана қоймай, ұзақ мерзімді академиялық және зерттеу серіктестіктеріне айналатын кәсіби және адами байланыстарды қалыптастыратынын атап өтті. Негізгі мақсатқа қол жеткізілді – ұйымдастырушылар жаңа білімдерді, практикалық дағдыларды, инновациялық технологиялар мен заманауи талаптарға жауап беретін ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін оқыту мен таратуды кәсіби деңгейде таныта білді.

✅ Екі апта бойы аудиторияларда 10 бағыт бойынша түрлі дәрістер, семинарлар өткізілді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтары мен өндірістік-шаруашылық кешендерінде ғылым мен инновациялық білім беру саласындағы озық жетістіктер көрсетілді.

✅ Жазғы мектептің тақырыбы қазіргі заманның бірқатар өзекті сын-қатерлерін қамтыды. Атап айтқанда: цифрландыру және аграрлық секторға инновацияларды енгізу, су ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, тұрақты ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету, климаттық өзгерістердің әсерін саралау, сондай-ақ агрокәсіпкерліктің перспективалары мәселелерін кеңінен талқыланды.

✅ "Халықаралық жазғы мектеп - 2025" барлық қатысушыларына оқу бағдарламасынан өткені туралы атаулы Сертификаттар тапсырылды.

✅ Салтанатты ресми жиынның соңында қатысушылар мен қонақтар үшін мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

✅ "Халықаралық жазғы мектеп - 2025" қатысушылары KazNARU басшылығына дәрістерді жоғары деңгейде ұйымдастырып, жағымды эмоциялар сыйлағаны және студенттердің кәсіби шеберлігінің өсуіне зор үлес қосқаны үшін алғыстарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник