АПТА АЙШЫҚТАРЫ – KazNARU КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2025 жылдың 20-шы маусымында жоғары оқу орнына түсу үшін құжаттар қабылдана бастайды. Қазіргі уақытта еліміздегі мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында бағын сынауда.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі сынақтан бері осы уақытқа дейін 164 мың талапкер тест тапсырған. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырды. Негізгі ҰБТ алдағы 7 шілдеге дейін созылады. Мемлекеттік грантты жеңіп алу үшін талапкерлер 13 – 20 шілде аралығында өтініш беріп үлгеруге тиіс.
Осы науқанның шешуші кезеңінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері де белгіленген кестеге сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
2025 жылдың 29 мамыр – 10 маусым аралығында ҰБТ қабылдауында KazNARU Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Қайырбаева бастаған мамандар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҰБТ аймақтық мемлекеттік комиссиясы міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарды.
Басқа да оқытушыларымыз бен мамандарымыз өзге ЖОО-дағы ҰБТ орталықтарында мектеп бітірушілерге KazNARU қызметін жан-жақты таныстыра отырып, жас түлектер мен олардың ата-аналарына ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы ақпараттар таратып, талапкерлерге кәсіби бағыт таңдауға көмектесуде.
Атап айтқанда: KazNARU аға оқытушылары Қыдырбай Қ.К., Закирова М.Е., Сембаев Р.М., Шардарбеков А.К. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде;
● «Энергетика және электротехника» кафедрасының аға оқытушысы Мухаббат Абдирова мен кафедра лаборанты Д.Джакуфов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде;
● "Энергетика және электротехника" кафедрасының аға оқытушылары Долдаев О.З. және Дүйсенбаев Т.С. «НарХоз» университетінде;
● “Бизнес және құқық” жоғары мектебінің “Құқық” кафедрасының аға оқытушысы Балжан Рысқұлбекова Алматы қаласы Заң колледжінде;
●“Ветеринария және зооинженерия” факультетінің "Ветеринариялық санитария'" кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Бақыт Барахов пен Аида Абжалиева, аға оқытушы Акжарқын Ұзынтілеуова, “Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасының ассистенті Айдар Мұхаметқалиев, Н.О. Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы” кафедрасының профессоры Қайруллаев К.Қ,.аға оқытушылары Жылкышыбаева М.М. мен Сандуғаш Ерназарова Шамалған ауылы А.Бұқарбайқызы атындағы орта мектептегі ҰБТ орталығында;
●«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Тұяқбаева Алматы қаласындағы Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-колледжде;
● Бизнес және құқық Жоғары мектебінің Х.Д.Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасының қауымдастырылған профессоры э.ғ.к., Ерболат Барлықов Есік қаласындағы "Райымбек батыр" атындағы орта мектепте кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.
Кездесулер барысында KazNARU базасындағы жаңаша білім беру бағдарламалары, әскери кафедрада оқу, жайлы жатақханада тұру, екі дипломға ие болу мүмкіндіктері түсіндірілді. Талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті кеңестер алды және QR-код арқылы университет базасына тіркелді.
Сонымен қатар, KazNARU қызметін қоғамға жеткізу мақсатында республикалық Қазақ радиосы, Жұлдыз.Фм радиосы, аймақтық «Жетісу» телеарансы, «Жетісу» радиосы, облыстық және аудандық газеттер, «Алматы Метрополитен» баспасөз қызметі, әлеуметтік желілер оқу ордамыздың ақпараттық рекламалары мен роликтерін жүйелі таратуда.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.
KazNARU Баспасөз қызметі