KazNARU БАСШЫСЫ XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ МАРАПАТЫН ТАБЫСТАДЫ
Түркістан қаласында XIII жазғы Универсиада сайысында еліміздің жоғары оқу орындарынан 76 команда қатысып, 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, бокс т.б. бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Бүгін KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев осы универсиада кезінде 97 кг салмақта грек-рим күресі бойынша сайыста қола жүлдеге ие болған 1-ші курс студенті Мұратқажы Бексұлтанды мерейлі жетістігімен құттықтап, жеңімпаздың медалін табыстады.
Универсиаданың негізгі мақсаты – студенттер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушы жастардың достығы мен ынтымақтастығын нығайту.
Оқу ордамыздың абыройын асқақтатқан Мұратқажы Бексұлтанға алдағы уақытта да спорттағы жаңа асуларды бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!
KazNARU Баспасөз қызметі