ҚАЗҰАЗУ SMART PLASTIC ZONE ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПЛАСТИК ЖИНАУ БОЙЫНША «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ
Астана, 2025 жылғы 16 маусым
«Атамекен» ҰКП-де өткен салтанатты рәсімде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) Smart Plastic Zone жобасының GOLD белгісімен марапатталды. Бұл марапат университеттің пластик қалдықтарын азайтуға қосқан зор үлесі және білім беру саласында тұрақты тәжірибелерді ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Coca-Cola Қазақстан, GreenUrban және GPI-Lab жүзеге асырып отырған бұл бастама ел бойынша компаниялар, университеттер мен қауымдастықтарды біріктіретін маңызды қозғалысқа айналды.
ҚазҰАЗУ Smart Plastic Zone жобасы аясында «Алтын жұлдыз» иеленген алғашқы аграрлық жоғары оқу орны болды. Университет экология мәселелеріне кешенді тәсіл қолданатынын дәлелдеді: қалдықтарды бөлек жинау жүйесі, экологиялық ағарту науқандары, сондай-ақ университет кеңістігінде пластикті қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ҚазҰАЗУ қатысуы жаңа студенттік бастамалардың іске қосылуымен, тұрақты даму бойынша пәндердің енгізілуімен және өңірлік жоғары оқу орындары арасында экологиялық білімді насихаттаумен қатар жүруде.
ҚазҰАЗУ Жасыл және тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазов марапатқа қатысты пікір білдірді:
«Біз үшін тұрақты даму — жай сәнді үрдіс емес, стратегиялық басымдық. Біз пластикті пайдалануды азайтып қана қоймай, әрбір студент пен оқытушы экологиялық өзгерістердің бастамашысына айналатын экожүйе қалыптастырып жатырмыз. Нельсон Мандела айтқандай: “Білім — әлемді өзгертетін ең қуатты қару”, — және біз оны іс жүзінде қолданудамыз».
Марапат иелерінің қатарында жетекші қонақүй брендтері, тағам өнеркәсібі кәсіпорындары, білім беру ұйымдары мен коммерциялық нысандар бар. Бұл SPZ тәсілінің әмбебаптығын және экологиялық күн тәртібінің экономиканың түрлі секторлары үшін маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Жоба тек марапат тапсырып қана қоймай, үздік тәжірибелер алмасуды ынталандырып, жаңа корпоративтік ойлау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Майя Суюнчалиева атап өткендей:
«Тұрақты даму енді тар шеңбердегі идея емес — бұл бизнестің жаңа философиясы. Ал ҚазҰАЗУ академиялық ортада да ауқымды экологиялық шешімдерді енгізуге болатынын дәлелдеді».
Smart Plastic Zone бағдарламасы ауқымын кеңейтуді жалғастыруда. Жоба жаңа өңірлерді қамтып, әсіресе экологиялық жауапты трансформацияға ұмтылған студент жастар мен университет оқытушыларын белсенді түрде тартуда.


