KazNARU мен ҚХР БИНЧЖОУ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ
2025 жыл 18 маусымда KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов ҚХР Бинчжоу мал шаруашылығы және ветеринария академиясының президенті Бинг Джанг бастаған академия өкілдерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық ғылым мен ветеринария саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, университеттер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және инновациялық технологиялар саласында білім мен тәжірибе бөлісу.
Кездесу барысында келесі ұсыныстар талқыланды:
• Зооантропонозды аурулардың алдын алу бойынша KazNARU базасында Қытай – Қазақстан бірлескен зертханасын құру;
• Жоғары білім, ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығындағы инновацияны интеграциялау;
• Ғылыми-техникалық бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу;
• Академиялық ұтқырлық аясында ғылыми кадрлар мен докторанттарды даярлау бағытында жүйелі бағдарлама жасау;
• Табиғаттағы жануарлар ауруларының алдын алу, ветеринариялық ғылыми іс-шаралардың заманауи әдістерін бірлесе зерттеу және қолданысқа енгізу.
Тараптар KazNARU мен Бинчжоу мал шаруашылығы және ветеринария академиясының арасында бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың алмасуын қамтамасыз ету туралы Меморандум қабылдады.
Бинг Джанг мырза өз сөзінде «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің зерттеуші ғалымдарын аладғы уақытта Бинчжоу мал шаруашылығы және ветеринария академиясына тәжірибе алмасуға шақырды.
Кездесуге Шаньдун провинциясы Бинчжоу мал шаруашылығы және ветеринария институтының өнеркәсіптік зерттеулер бөлімінің директоры Личжу Мяо, институттың жетекші ғылыми қызметкері Синьмин У,
TECON Pharmaceuticals Co. Ltd халықаралық бизнес бөлімінің менеджері Цзюньпин Сун, аудармашы Чжау Цзе, KazNARU жағынан Мусоев Асылбек, Ниязбекова Жаннұр, Иманмади Думан, Қасен Қуаныш, Батанова Жанат қатысты.
ҚХР делегациясы KazNARU ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысымен танысып, өте жылы қабылдау көрсеткені үшін университет басшылығына өз алғыстарын білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі