KazNARU

KazNARU-дың СҰРАНЫСҚА ИЕ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СТУДЕНТТЕРІ

KazNARU-да тәжірибеге бағытталған оқыту білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады, ол заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайын сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындауға ықпал етеді, студенттерде практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар теориялық дайындықты өндіріс жағдайында, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-білім беру орталықтары және тәжірибелік зертханалар базаларында нақты практикалық тәжірибемен үйлестіруді көздейді.

2024-2025 оқу жылында 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау», 6В07207 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері 2025 жылдың 19 мамыры мен 20 маусымы аралығында KazNARU-дың Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының аккредиттелген Тағам өнімдерінің технологиясы және сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығында өндірістік практикадан өтті.

Өндірістік практика студенттерге практикалық тәжірибе жинақтауға, теориялық білімдерін пысықтауға және болашақ кәсіби қызметіне дайындалуға мүмкіндік беретін оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, кәсіби дағдыларды қалыптастыруға, жауапкершілікті, тәртіпті және дербестікті дамытуға ықпал етеді.

Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде алған теориялық білімдерін шынайы өндіріс жағдайында қолданады, нақты тапсырмаларды орындайды, жұмыс үдерістерін қадағалайды, өндірістік міндеттерді орындауға қатысады және өндірістік практиканың қорытындысы бойынша есеп дайындайды.

Өндірістік практикадан өту барысында студенттер Ғылыми-білім беру инновациялық орталығы зертханаларының құрылымымен және функционалдық қызметімен, өлшеу құралдарымен, сынақ және технологиялық жабдықтарымен, сүт және сүт өнімдері, ұн, нан және нан-тоқаш өнімдерінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеудің заманауи стандартты әдістерімен танысты.

Тағам өнімдерінің стандарттарын зерделеу сапа мен қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін тағам өнеркәсібі мамандарын даярлаудың маңызды кезеңі болып табылатыны белгілі.

Осыған орай, 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері шикізат пен тағам өнімдерінің (ұн, шикі сүт, ауыз сүті, нан, нан-тоқаш өнімдері, айран, ряженка, простокваша, йогурт, ацидофилин, бифидум бактерияларымен байытылған сүтқышқылды өнімдер) ұлттық және мемлекетаралық стандарттарымен, тағам өнімдерінің сапасына, қауіпсіздігіне және таңбалануына қойылатын талаптармен, тағам өнімдерін өндіру мен айналымын реттейтін нормативтік құжаттармен және тағам өнімдерін стандарттар талаптарына сәйкестігін растау, оның ішінде сәйкестік туралы декларациялар мен сертификаттарды алу рәсімдерімен танысты.

6В07207 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері шикі және ауыз сүттің, сүтқышқылды өнімдердің тығыздығын, қышқылдылығын және майлылығын анықтауға, сүтті қайта өңдеудің заманауи технологиясының: шикізатты қабылдаудан дайын сүт өнімдерін өндіруге дейінгі кезеңдермен, аскөк және ақжелкен қосылған диеталық жұмсақ ірімшік өндірісінің технологиялық үдерісін толыққанды үйренуге, дәстүрлі технология бойынша классикалық йогурт және шырғанақ сиропы мен шырғанақтың үйкелген жидектерін қолдану арқылы функционалды йогурт өндіруге тікелей қатысуға мүмкіндік алды.

Өндірістік практиканы өту кезінде әр студент тағам шикізатының сапа көрсеткіштерін зерттеулер бойынша жеке тапсырмаларын өз бетінше заманауи стандартты зерттеу әдістерін, өлшеу құралдарын («Инфраскан-105» инфрақызыл астық және ұн анализаторы, Чижованың модернизацияланған цифрлық құрылғысы, «Лактан 1-4М» сүт сапасының ультрадыбыстық анализаторы, электронды таразы, ареометр, рефрактометр-сахариметр, портативті трихинеллоскоп, портативті микропроцессорлы рН-метр) және сынақ жабдықтарын (термостат, су моншасы, центрифуга, электр кептіргіш шкаф, орташа температуралы мұздатқыш және төмен температуралы тоңазытқыш), өсімдік және жануар тектес өнімдерін өндіру және өндіру үдерістерінің режимдері мен параметрлерін пысықтауда технологиялық жабдықтарды (тұрғызу шкафы, нан пісіретін пеш, бағдарламамен қамтамасыз етілген үй ірімшігін дайындауға арналған құрылғы, кілегейді дайындауға арналған сепаратор, сүтқышқылды өнімдерді дайындауға арналған құрылғы, жұмсақ балмұздақ дайындауға арналған фризер, волчок-еттартқыш, фарш араластырғыш, шұжық шприці, клипсатор, термокамера) қолдану арқылы жүргізуге мүмкіндік алды.

Өндірістік практикадан өту шеңберінде студенттер «Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің инновациялық технологиялары» бағыты бойынша Халықаралық жазғы мектеп – 2025 бағдарламасына сәйкес ақуыз құндылығы жоғары функционалды нан-тоқаш өнімдерін пісіру, сонымен қатар, функционалды мақсаттағы жартылай ысталған шұжық өнімдерін және жұмсақ кілегей және пісте балмұздағын өндіру бойынша шебер сабақтарының өткізілуіне белсенді түрде ат салысты.

Жұмысқа деген қабілеттілікті арттыру, денсаулықты жақсарту және шаршаудың алдын алу мақсатында жүктемені жеңілдетуге және күш-қуатты арттыруға арналған дене шынықтыру минуттары, қысқа үзілістер, өндірістік практиканың күнделікті режиміне енгізілді.

Жұмыстың тиімді жүруіне ықпал ететін жұмыс орнындағы жаттығулар студенттерге бұлшық ет жүктемесін жеңілдетуге, қан айналымын жақсартуға және көңіл-күйлерін көтеруге көмектесті.

Сонымен, ағымдағы оқу жылында студенттер өндірістік практиканы сәтті аяқтады, оқу үдерісінде алған теориялық білімдерін пысықтап, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және еңбек дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін Орталықтың оқу-өндірістік жағдайына бейімделді, таңдаған мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, нақты өндірістік міндеттерді шешуде дербестік пен сенімділіктерін дамытты.

Студенттерімізге өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімділік, алға қойған мақсаттарына жетуде шабыт пен мотивация, қиындықтарды жеңу, табандылық пен еңбек сүйгіштік, ұшқыр идеялар мен жоғары шығармашылық табыстарға жетуді тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник