KazNARU

KazNARU БАСШЫЛЫҒЫ мен ҚХР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЗДЕСТІ

2025 жыл 27 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің делегациясымен кездесті.

✅ Кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Қытай университеттері мен ғылыми ұйымдары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және инновациялық технологиялар саласында тәжірибелер бөлісу; су ресурстарын басқару және аграрлық инженерия саласындағы бірлескен бағдарламаларды қабылдау мен ілгерілету; ғылыми алмасулар мен зерттеулер жүргізуді талқылау.

✅ «Біздің KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының тікелей басшылығымен және қолдауымен Қытайдың 40-қа жуық ғылыми және білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатты. Осы мәселелерді арықарай тереңдету мақсатында бүгін сіздермен де бірқатар мәселелерді, оның ішінде жоғары білім, ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығындағы инновацияны интеграциялау тақырыптарын талықалмақпыз. Бұл жаңа бастамалар болашақта бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлауға, екі мемлекеттің агросаласының өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні анық», - деді Қуат Елеусізұлы.

✅ Делегация жетекшісі, Қытай Коммунистік партиясының басқарушы тобының мүшесі Хуан Янь өз сөзінде ауылшаруашлығын дамытудағы күншығыс елінің су ресурстарын басқару тәжірибелік жетістіктерін пайдалана отырып, озық технологияны Қазақстанға енгізудің алғышарты басталғанына, агросектордағы цифрландырудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ғылым, білім және агроөндіріс саласындағы қатынастарды одан ары нығайту мен инновацияны интеграциялау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мен осы ғылыми нәтижелерді тәжірибеде қолдануға байланысты ұсыныстарын ортаға салды.

✅ Кездесуге Қытай ауыл шаруашылығы минстрлігінің өкілдері – Халықаралық ынтымақтастық департаменті бас директорының орынбасары Го Найин, Аймақтық даму бөлімінің директоры Ян Цзюнь, Заңнаманы үйлестіру бөлімінің директоры Ван Юйна, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, шетелдік инвестицияларды ілгерілету бөлімінің қызметкері Чжан Чжэхань, Халықаралық әлеуетті арттыру бөлімінің директоры, аудармашы Чжао Ин және KazNARU құрылымдық басшылары мен ғалым мамандар қатысты.

✅ Қытай делегациясының мүшелері екі тараптан айтылған ұсыныстарды қолдай отырып, KazNARU базасындағы ғылыми-инновациялық инфрақұрылыммен танысып, оқу ордасындағы инновациялық ғылыми жетістіктерді жоғары бағалады және өзара әріптестік ынтымақтастықты одан ары дамыту туралы келісімге келді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник