KazNARU

KazNARU: АПТА АЙШЫҚТАРЫ – КӘСІБИ БАҒДАР

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері белгіленген кестеге сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында болып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Басты мақсат – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу.

✅Ия, мамандық таңдау – жаңа өмірдің жол айырығында тұрған жастардың тағдырындағы ең маңызды қадам. Олардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін таңдаған мамандығының атқарар рөлі өте зор. Бұл арада кез келген мамандықтың, әсіресе ауыл шаруашылығы мамандықтарының өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болатыны жастарға жан-жақты түсіндірілуде.

✅Жастардың мамандыққа деген сұраныс пен оның болашағы, мансап перспективалары сияқты аспектілерді жан-жақты білгені артық болмайды. Мысалы, агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары – табысқа жетелейтін ең қажетті мамандық!

✅KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, ветеринария, экология, су және табиғат ресурстарын пайдалану, орман шаруашылығы, IТ-технология, энергетика, тағам өнеркәсібі, логистика, құқық, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.

✅Спикерлеріміз мектеп бітірушілерге ЖОО құрамындағы факультеттердің ерекшеліктерін жан-жақты таныстыра отырып, агросектор саласы бойынша мамандық таңдау – белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап ететінін және болашақтағы ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында болатынын барынша айтып келеді.

✅Атап айтқанда, “Су ресурстары және мелиорация” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Қанат Ануарбеков, аға оқытушылар Гаухаргүл Исмаилова, Мадина Набиоллина, Ерболат Қайыпбаев, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының профессоры Ғабит Сарсекеев, аға оқытушылар Асқат Қуанышев, Олег Кузнецов, Светлана Кондратенко бекітілген кестеге сай Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ҰБТ орталығында;

✅“Клиникалық пәндер” кафедрасының ассистенті Нұрсұлтан Маханбетұлы, «Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы Ph.D Арман Жылқайдар, "Клиникалық пәндер" кафедрасының профессоры Есенғали Усенбеков, “Микробиология, вирусология және иммунология” кафедрасының қаум.мпрофессоры Рая Мықтыбаева бекітілген кесте бойынша Әлжан Бұқарбайқызы атындағы мектебінде кәсіби- бағдар жұмыстарын жүргізді сай, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан Әлжан Бұқарбайқызы атындағы мектебінде кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізді.

✅Кездесулер барысында түлектерге жоғары білім алудың маңыздылығы, KazNARU базасындағы жаңаша білім беру бағдарламаларының ауқымы, әскери кафедрада оқу ережесі, жайлы жатақханада тұру мен екі дипломға ие болу мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.

✅Еске сала кетейік, талапкерлердің негізгі ҰБТ тапсыруы 7 шілдеге дейін өтеді. Қазіргі уақытқа дейін 268 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде:

✔талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады;

✔орташа балл – 66 балл (бес пән бойынша);

✔ең жоғары балл – 140 балл;

✔ерекше білім беру қажеттілігі бар 649 талапкер қатысты.

✅ Кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник