KazNARU

KazNARU ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі салтанатты диплом тапсыру рәсімін «Су ресурстары және IT-технологиясы» мен «Инженерлік-технологиялар» факультеттерін бітірушілер жалғастырды.

✅ Салтанатты іс-шараны KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов құттықтау сөзбен ашып, биылғы оқу жылында бакалавриатта 41, магистраруда 25, докторантурада 15 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланғанын атап өтті. Отандық аграрлық саланы білікті және бәсекеге қабілетті, заманауи озық білім-ғылымды меңгерген жас мамандармен толықтырудағы университеттің қызметі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы ақпаратпен бөлісе отырып, университет басшылығы атынан бітірушілерге сәт сапар тіледі.

✅ Еске сала кетейік, қазіргі таңда KazNARU өзінің білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларын жетілдіру арқылы заманауи көшбасшы жоғары оқу орнына айналды. Нәтижесінде QS Халықаралық рейтингісінде еліміздегі үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр. Сондай-ақ, 2025 жылы «IQAA – Ranking» Ұлттық рейтингісі бойынша Қазақстанның техникалық ЖОО арасында жетекші университет ретінде көш бастады.

✅ Биыл 1368 білім алушы оқу бітіріп отыр, оның ішінде 1225 студент, 98 магистрант және 45 докторант. 94 студент оқуды үздік дипломмен аяқтады. Оның ішінде «Су ресурстары және IT-технологиясы» факультетінде бакалавриат бойынша 63 түлектің 5-уі, «Инженерлік-технологиялар» факультетінде бакалавриат бойынша 262 түлектің 27-сі үздік диплом иегері атанды.

✅ Салтанатты іс-шарада KazNARU Басқарма мүшесі – Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Асима Ералиева, Академиялық мәселелер жөніндегі директор, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлмира Алпысбаева, «Су ресурстары және IT-технологиясы» факультетінің деканы Мейрам Арыстанов, «Инженерлік-технологиялар» факультетінің деканы Ләззат Әлдібаева және оқытушы ұстаздар мен ата-аналар құттықтап, жас мамандарға ақ тілектерін білдірді.

✅ Дипломдарыңыз құтты болсын, қымбатты жас түлектер!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник