KazNARU

KazNARU ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚУАНЫШТЫ СӘТТЕРІ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі салтанатты диплом тапсыру рәсімі «Инженерлік-технологиялар» мен «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеттерін бітірушілердің көптен күткен қуанышымен жалғасты.

✅ Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген KazNARU KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Президенті, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы ғасырға жуық тарихы бар жетекші университетте заманауи білім мен ғылымның интеграциялануына басымдық берілгеніне тоқталып, нарықта бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

✅ Қазіргі таңда KazNARU өзінің білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларын жетілдіру арқылы заманауи көшбасшы жоғары оқу орнына айналды. Биылғы жылы QS Халықаралық рейтингісінде еліміздегі үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарынан көрініп отыр. Сондай-ақ, «IQAA – Ranking» Ұлттық рейтингісі бойынша Қазақстанның техникалық ЖОО арасында жетекші университет ретінде көш бастап келеді.

✅ «Осы жетістіктердің барлығы – біздің профессор-оқытушыларымыздың қажырлы еңбегі мен студенттеріміздің төрт жылғы білім алу барысында көрсеткен белсенділігінің нәтижесі. Сіздер халықаралық аренада өзіндік абыройлы орны бар заманауи университетті бітіріп, Жаңа Қазақстанның жаңа кадрлары ретінде отандық аграрлық саланы дамытатын болашақ жас мамансыздар. Ел келешегі енді сіздердің қолдарыңызда. Бүгін міне, диплом алу салтанатына алыс-жақыннан ата-аналарыңыз бен дос-жарандарыңыз келіп огыр. Баршаңызды ортақ қуаныштарыңызбен құттықтаймын! Түлектеріміздің ел игілігі жолындағы болашақ қадамдарына сәттілік тілеймін!» – деді Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Биыл университетімізді 1368 білім алушы, оның ішінде 1225 студент, 98 магистрант және 45 докторант оқу бітіріп отыр. Оның ішінже «Инженерлік-технологиялар» факультетінде бакалавриат бойынша 262 түлектің 27-сі үздік диплом иегері, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінде бакалавриат бойынша 6 білім беру бағдарламасында 397 түлек шықты, оның ішінде 36 үздік диплом иегері атанды.

✅ Салтанатты іс-шарада KazNARU KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов, Басқарма мүшесі – Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Асима Ералиева, Академиялық мәселелер жөніндегі директор, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлмира Алпысбаева, «Инженерлік-технологиялар» факультетінің деканы Ләззат Әлдібаева, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы Дани Сарсекова, академик-ұстаз Әбдіманап Оспанов және ата-аналар құттықтап, жас мамандарға ақ тілектерін білдірді.

✅ Дипломдарыңыз құтты болсын, қымбатты жас түлектер!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник