KazNARU

KazNARU мен NWAF UNIVERSITY (ҚХР) ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2025 жылғы 7 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инновациялар Альянсының құрылғанына 10 жыл толуына орай, жыл сайынғы X жиналысы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің Ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының IV Форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Альянс құрамындағы 19 елдің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен делегаттар – ректорлар, ғалымдар, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

✅ Форум аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшысы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің Ректоры, Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инновациялар Альянсының Бас хатшысы, профессор Ву Путэмен кездесті.

✅ Кездесуді ашқан KazNARU Басқарма төрағасы - Ректор, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті, академик Ақылбек Күрішбаев соңғы жылдары Қазақстан мен ҚХР ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық аясының кеңіп келе жатқанына тоқталып, бүгінгі кездесудің мақсаты – ғылыми әлеуетті біріктіруге, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, инновациялық технологияларды трансферлеуге, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабулетті жаңа буын мамандарын даярлауға айырықша үлес қосуды одан ары тереңдету болып табылатынын атап өтті.

✅ «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жақында өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде келесі жылды «Ғылым мен білім жылы» деп жариялаған тарихи бастамасы бүгінгі басқосуымыздың өзектілігі мен маңыздылығын арттыра түспек. Бұл шешім – білім мен ғылымның, технология мен академиялық әріптестіктің өңірлік дамудың қозғаушы күші ретіндегі қуатты рөлін тағы да айғақтайды. Осы игі бастамада көрініс тапқан идеялар – біздің бүгінгі болатын Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инновациялар Альянсының X жиналысы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің Ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының IV Форумының миссиясы мен стратегиялық бағыттарымен терең үндеседі» - деді Ақылбек Күрішбаев.

✅ Соңғы екі жылда KazNARU ҚХР-дың 40-тан астам ғылыми ұйымдарымен, жетекші университеттерімен бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру бойынша шарттарға қол қойды. Оның ішінде Қытай аграрлық университеті (Пекин), қытайлық Dayu Irrigation Group компаниясы, Ланжоу университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті, Сычуань ауылшаруашылық академиясы, Ланьчжоу ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты бар.

✅ Халықаралық ғылыми қауымдастыққа кеңінен танылған KazNARU екі елдегі агросектор саласында инновациялық бағыттарды дамыту бойынша жетекші рөл атқарады және су ресурстарын тиімді басқару, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, климаттық өзгерістердің салдарымен күресу бойынша көптеген ауқымды ғылыми жобаларды іске асырып келеді. Соның аясында су шаруашылығы, орман шаруашылығы агрономия, ветеринария, зооинженерлер, азық-түлік қауіпсіздігінің технологтары, жер кадастры мамандарын дайындайтын түрлі халықаралық орталықтар мен зертханалар ашылды. 2024 жылғы 17 мамырда Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, оқу ордасының ғылыми-инновациялық қызметімен танысып жоғары баға берді.

✅ Нәтижесінде 2024 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздері шеңберінде Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын бірлесіп құру туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында 2024 жылдың 12 шілдесінде KazNARU Бас ғимаратында «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығының» салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Қазір бұл орталық бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстарды бастап кетті.

✅ «Біздер соңғы екі жылда Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен де тығыз байланыста қарым-қатынас жүргізіп келеміз. Осы кезең аралығында білім беруді интернационалдандыру, ғалымдардың ғылыми әлеуетін нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми және жобалық зерттеулер жүзеге асырылуда. Соның бастамасы – KazNARU мен NWAFU бірлескен «Қытай ландшафттық инновациялар орталығы» және «Су үнемдеудің Демонстрациялық технопаркы» құрылды. Біз өз тарапымыздан білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін бірлесе игеруге және отандық агроғылымды сіздермен бірге жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз» - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Бұл жаңа бастамалар болашақта инновацияға негізделген ғылыми, білім беру әлеуетін біріктіруге, жаһандық сын-қатерлердің алдын алуға, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы, азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп, сондай-ақ жасыл және цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретіні анық. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлауға, екі мемлекеттің агросаласының өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға кеңінен жол ашылады.

✅ Өз кезегінде Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің Ректоры, Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инновациялар Альянсының Бас хатшысы, профессор Ву Путэ Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті, сондай-ақ ғылым және білім беру байланыстарын тереңдетудің тиімді тетіктерін бірлесе іздеуді және іске асыруды жеделдетуге ниет білдірді.

Ву Путэ мырзаның айтуынша, NWAFU Қытайдағы суды зерттеу саласындағы әлемдегі алдыңғы қатардағы университеттердің бірі болып табылады. Университет Ұлттық солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы колледжінің, сондай-ақ бірқатар білім беру институттарының негізінде 1934 жылы құрылған. Оқу ордасында барлығы 25 факультет, 27 колледж бар, оларда 74 білім беру бағдарлаласы бойынша ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, инженерия, мал дәрігерлігі, менеджмент, заң, экономика сияқты т.б. бірқатар бағытта білікті мамандар даярланады.

✅ Тараптар Қытайда қолданылатын инновацияларды Қазақстанда пайдалану, мамандар мен студенттердің білім алмасуы, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары ғылымдары бойынша бірлескен жұмыс жасауды талқылады.

✅ KazNARU басшысы Ақылбек Күрішбаев үш өзекті ұсыныс берді:

1. Ветеринария, мал шаруашылығы технологиясы, өсімдік қорғау және карантин салаларында қос дипломды магистратура бағдарламаларын енгізу;

2. Ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында жасанды интеллект пен цифрлық агротехнологияларды қолдануға бағытталған бірлескен зерттеу және оқыту орталығын құру;

3. Ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және агроинновациялық ғылыми орта қалыптастыру.

✅ NWAFU университетінің делегациясы ветеринария, мал шаруашылығы технологиясы, өсімдік қорғау және карантин, су саласындағы инновацияларды бірлесе пайдалану, мамандар мен ғалымдардың тәжірибе алмасуы, жасанды интеллект пен цифрлық жобалар бойынша бірлескен жұмыс жоспарын қабылдауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл көзделген мақсаттар қабылданған ортақ Меморандумда камтылды.

✅Сонымен қатар, қонақтар KazNARU-дың инфрақұрылым жүйесімен танысып, Су ресурстарын басқару орталығына барып оқу ордасының ғылыми-зерттеу және білім беру әлеуетіне жоғары баға берді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник