ҚазҰАЗУ

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

✅ Бүгін Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде адамзаттың ардақты перзенті, ақыл-ойдың көмбесі, «Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай» атты 180 жылдық мерейтойдың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

✅ Онкүндік Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» рухани орталығында «Abai akademiasy» атты энциклопедиялық порталдың тұсаукесерінен басталды.

✅ Сондай-ақ, кемеңгер тұлға – Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеуге бағытталған түрлі мәдени-рухани шаралар, ғылыми-практикалық конференциялар, поэзия кештері, театрландырылған қойылымдар, кітап көрмелері, Абай оқулары, жас ақындар мүшәйрасы мен «Адамзаттың Абайы» атты ақындары айтысы жоспарланған.

✅ Семейдің Арбат алаңында танымал иллюстратор, суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» көрмесі жұрт назарына ұсынылған. Экспозиция қала тұрғындары мен қонақтарына эстетикалық әсер сыйлап, той көркіне көрік қосты.

✅ Бұдан соң «Аспан Синема» жобасы аясында Абай туралы фильмдердің көрсетілімі жүріліп, «Арена» мәдени-спорт кешенінде «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты мерейтойлық гала-концертке ұласты.

✅ Барша адамзатты рухани жаңару жолына бастаған Ұлы Абай тойы құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

#Абай180жыл #KazNARU

---------Chatbot---------
виртуальный помощник