ҚазҰАЗУ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ЫСТЫҚКӨЛДЕ ДЕМ АЛЫП ҚАЙТТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ белсенді студенттері 2025 жылдың 30 шілде – 3 тамыз аралығында Ыстықкөлге барып демалып қайтты.

✅ Студенттерді Ыстықкөл сапарына шығарып салған KazNARU Басқарма мүшесі, Ректордың орынбасары Қуат Сұлтанғазиев университет басшылығы жыл сайын осындай демалыс ұйымдастыруды дәстүрге айналдырғанын атап өтті.

✅ Олардың арасында жыл бойы оқуда үздік нәтиже көрсеткендер, олимпиадаларда жеңімпаз атанғандар, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытқандар, спорттық жарыстарда университет абыройын асқақтатқандар, жаз бойы "Жасыл ел" жастар еңбек жасағында белсенді еңбек еткен студенттеріміз бар.

✅ Ыстықкөл – Орта Азиядағы ең үлкен, суы тұнық ғажайып көлдердің бірі. Ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан, тереңдігі — 668 м дейін барады. Оның әсем пейзаждары, керемет ландшафттар, айналасындағы термалды бұлақтар, табиғи және тарихи көрікті жерлер туристерді өте көп тартатын мекен ретінде танылған.

✅ Демалыс аясында студенттеріміз Чолпон-Ата қаласында болып, тарихи ұлттық музейдегі қырғыз халық қолөнершілерінің бұйымдарын және басқа жәдігерлермен танысып қайтты.

✅ Осындай ғажайып көлде болып, ұмытылмас тамаша демалыс ұйымдастыруға қолдау білдірген KazNARU Басқарма төрағасы – Ректор, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына студенттердің алғысы шексіз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник