KazNARU ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Биылғы білім бәйгесінде бақ сынап, 77 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды!
Әр адам өмірінде түрлі асулардан өтеді. Кейде үлкен жетістікке жету үшін осындай сынақтардан сүрінбей өту қажет болады.
ЖАС ТАЛАПКЕР!
Егер де сіз биылғы мемлекеттік білім грантына іліге алмаған болсаңыз – бұл үміттің үзілгені емес! Бүгінгі таңда білім алуға мүмкіндік беретін қолжетімді өзге де гранттар мен жеңілдіктер бар.
Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры KazNARU талапкерлеріне арнаулы 15 грант ұсынады.
Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған немесе сұранысқа ие мамандық иелерін дайындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар бакалавриат бағдарламалары бойынша 2025 жылы оқуға 1700-ден астам білім грантын бөлді.
Атап айтқанда, Жетісу облысы әкімі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі мамандарды даярлауға 60 грант бөліп отыр.
Соның ішінде төмендегідей Білім беру бағдарламалары бар:
В051 Қоршаған орта – 1.
В057 Ақпараттық технологиялар – 1.
В063 Электр техникасы және автоматтандыру – 1.
В065 Көлік техникасы және технологиялар – 1.
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі – 1.
В077 Өсімдік шаруашылығы (6В08102 Агрономия – ауылшаруашылық ғылымдары мен технологиялары (қос диплом) – 3.
В078 Мал шаруашылығы – 1.
В079 Орман шаруашылығы – 1.
Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.
Конкурс ұйымдастырушысы – «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ. Пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-94-12
Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес saida.ssk@mail.ru электронды мекенжайларға жіберу қажет.
Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2025 жылғы 6-11 тамыз аралығында сағат 16.00-ға дейін.
Қосымша ақпаратты ҚАБЫЛДАУ комиссиясының Call Center телефондары арқылы білесіздер:
+7 747 2640854
+7 705 4018575
+7 708 9862390
+7 776 0434027
+7 707 9641276
+7 778 1858623
Құрметті талапкерлер! Еліміздегі ең үздік аграрлық оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен бірге өз болашағыңды таңда!
KazNARU Баспасөз қызметі