KazNARU ҒАЛЫМДАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ҚОРЫН ЖАҚСАРТУДА БАСТАМАШЫ БОЛУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары Алатау баурайындағы оңтүстік мегаполистің жасыл желектерінің сапалық жай-күйін сараптап, оларды сапалық жағынан сұрыптау және орман-патологиялық зерттеу жұмыстарына тікелей қатысып, бастамашылық жасауда.
2025 жылдың 8-тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Алматы қаласы әкімдігінің Экология және қоршаған орта басқармасы, «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Eco Almaty» ЖШС және Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен «Алматы қаласының жасыл желектерінің сапалық жай-күйін оларды түгендеу және орман-патологиялық зерттеу негізінде Алматы қаласының жасыл қорын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын және 2026-2030 жылдарға арналған дендрологиялық жоспарды әзірлей отырып бағалау» жобасы бойынша арнайы семинар өткізілді.
Семинардың жұмысын ашқан Университеттің Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов жобаны жоғары деңгейде іске асыру мақсатында дендрологиялық жоспарды әзірлеу бойынша «Алматы Басжоспар» ғылыми-зерттеу институты мен Реестр ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу мақсатында «Eco Almaty» ЖШС жобаның әріптестері қатысатынын атап өтті.
- «Басты мақсат – жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи озық әдістері, мобильдік бағдарламалар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқылы Алматы қаласының жасыл желектерінің сапалық жай-күйін объектвті анықтау, алдағы іс-шараларды дұрыс белгілеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу. Бұл орайда, Универитет, «АлматыБасжоспар» институты мен «Эко Алматы» мекемесі бірігіп, осы ортақ жобаны дер кезінде және сапалы орындайтынына үміт артамыз әрі сенімдіміз» - дейді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
Еске сала кетейік, KazNARU басшылығы өз тарапынан жобалық офистің жұмысына қажетті техникалық дрондар, автобус, компьютерлік және офистік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жоба командасына қажетті жағдайларды толық жасап отыр.
Семинарға Алматы қаласы әкімдігінің Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Қожекенов М.Н., «АлматыБасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының аға архитекторлары Қыдыр А.Б., Бейсенбина М.С. және жоба менеджері Рашидұлы Ж., «Eco Almaty» ЖШС-нің директоры Батыргереев А.Т., бөлім жетекшісі Әмірғалиев Б.Т. пен Реестр базасының мамандары мен таксаторлары және Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының өкілдері мен университеттің басшылық құрамы, жоба орындаушылары қатысты.
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының басшысының орынбасары Қожекенов М.Н. өз сөзінде Алматы қаласы әкімдігінің Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысымен басталып жатқан Жобаның қаланың жасыл фондын сақтап, ары қарай дамыту стратегиясына өте маңыздылығына тоқталып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді толық орындаудың жауаптылығын атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы жасыл желектерді соңғы түгендеу 2018-2019 жылдары жүргізілген, алайда қаланың қарқынды өсуіне және Алматының 2024 жылға дейінгі Бас жоспарының қабылдануына байланысты бұл деректер өзектілігін жоғалтты. Спикер барлық қатысушыларды жаңа жоба бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді толық орындауға белсенді қатысуға шақырды.
- «Алматыдағы 70,1 мың гектар жердің 25 мыңнан аса гектары жасыл желекпен көмкерілген. Қаланың жасылдық коэффициенті орташа есеппен 36%-ды құрайды, 4 миллионнан астам ағаш бар. Алайда, оның жартысынан астамы қартайған ағаштар категориясына жатады. Сондықтан, қаланың жалпы жасыл желектерін жаңғырту – қазіргі таңдағы ортақ мақсатымыз» - деді ол.
Сондай-ақ, Қожекенов М.Н. осы жұмыстарға тікелей бастамашы болып, бүгнде үлкен қолдау жасап отырған университет басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына ризашылық білдіре отырып, Жоба қызметкерлерінің белгіленген жұмыстарды дер кезінде және жоғары дәрежеде ұйымдастыратынына үміт артатынын жеткізді.
Семинар жұмысында KazNARU-дың Бағдарлама жетекшісі Кертешев Т.С., таксаторлар тобының жетекшісі Мамбетов Б.Т., қашықтықтан зондау бойынша маман Шарипов М.Х. және зиянкестермен күрес бойынша маман Мұхамадиев Н.С. жобаның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін, жобаның жылдық жоспары мен жүргізілген дайындық жұмыстарын егжей-тегжейлі баяндап, дрон аппараттермен түсіру жұмыстары арқылы аэрофотосуреттерді дайындау, кварталдық жүйеге бөлу, кварталдардың ірі масштабты аэрофотосуреттер негізінде жасалған абристерін дайындау, Алмалы ауданында жүргізіліп жатқан таксациялық жұмыстармен таныстырды. Жалпы Алматыда санитарлық жағдайы төмен желекті кластарда қандай ауру мен зиянкестер кездесетінін, олармен қандай препараттар мен биологиялық жолдармен күресу жолдары көрсетілді.
«Алматы Басжоспар» ғылыми-зерттеу институтының аға архитекторы Бейсенбина М.С. Алатау, Алмалы, Жетісу және Түрксиб аудандарындаға көгалдандыру аумақтарына тоқталып, онда жүргізілетін жұмыстар жайын егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Осыған дейін атқарылған жұмыстардың ауқымдылығына байланысты әрі Жобаның күрделілігін атап өткен спикерлер, бірлескен жоба бойынша осындай кездесулерді айына бір рет өткізіп отыруға келісті.
KazNARU Баспасөз қызметі