ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ТОЙЫ – АДАМЗАТТЫҢ ТОЙЫ
Бүгін қазақтың ұлы ойшылы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Алматы жұртшылығы мерейлі мерекені кеңінен атап өтті.
Абай облысында өтіп жатқан «Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай» атты 180 жылдық мерейтоймен үндескен бүкілхалықтық мәдени іс-шараға жиналған халықтың қарасы мол.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студент жастар, мектеп оқушылары ақын ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Соңынан Абай әндері орындалып, көңілді концертке ұласты.
Абай — төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырған, әлемдік деңгейдегі теңдессіз тұлға. Ол халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан кемеңгер ақын ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы.
Абай тойын атап өтуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшылығы, ұжымы мен студент жастары да белсене қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі
https://www.instagram.com/reel/DNKqeidIgtf/...