ҚазҰАЗУ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» білім беру бағдарламасы ашылды!

Бұл қос диплом алып, ең қажетті салалардың бірінде сұранысқа ие маман болуға тамаша мүмкіндік!

✅ Қос диплом: Бағдарламаны Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) мен Қытайдағы Чжэцзян технологиялық университеті (ZJUT) бірлесіп жүзеге асырады. Сіз екі жыл Қазақстанда (KazNARU базасында) және екі жыл Қытайда (ZJUT базасында) оқисыз. Бағдарламаны аяқтаған соң, екі университеттің де дипломын аласыз.

✅ Кеңістік-уақыттық жасанды интеллект бағыты: Сіз тек ЖИ-ді ғана емес, сонымен қатар кеңістік-уақыттық деректерді өңдеу бойынша терең білім аласыз. Бұл спутниктер мен дрондардан түсірілген суреттерді, картографиялық материалдарды және басқа да кеңістік деректерді талдауды қамтиды.

✅Кешенді оқыту: Бағдарлама бес түрлі математиканы, компьютерлік техника мен ақпараттық жүйелерді, жасанды интеллект технологияларын, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер мен Жерді қашықтықтан зондтауды қамтиды.

Оған қоса, салаларды түсініп ЖИ технологияларын егізу үшін, қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына шолу пәндері қарастырылған.

Сіз үшін артықшылықтар:

✅Халықаралық тәжірибе: Сіз екі елде білім мен тәжірибе жинақтап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырасыз.

✅Қосымша мүмкіндіктер: Сіз ZJUT-та «Кеңістік-уақыттық интеллект», «Төмен биіктіктегі технологиялар мен инженерия» сияқты бағыттар бойынша жазғы мектептер мен микро-курстарға қатысып, тиісті сертификаттар ала аласыз.

✅Білімді жалғастыру: Бакалавриатты аяқтағаннан кейін ZJUT магистратурасында оқуды жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар, бұл академиялық және ғылыми өсуге жаңа жол ашады.

✅Практикалық дайындық: Бағдарлама іргелі теориялары мен дағдылары мықты, ғылыми зерттеулермен, технологияларды әзірлеумен және ЖИ-мен байланысты салаларда басқарумен айналыса алатын мамандарды дайындайды. Түлектер техникалық басшы немесе негізгі маман ретінде жұмысқа орналаса алады.

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМ АЛАМ ДЕУШІЛЕР - ҚОШ КЕЛІҢІЗДЕР!!!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник