ҚазҰАЗУ

АГРАРЛЫҚ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ БІРЛЕСКЕН ҮЙЛЕСТІРУ КОМИТЕТІ ҚҰРЫЛАДЫ

2025 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректор, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев бастаған делегация Қытай аграрлық университетіне (Пекин) барды және CAU президенті, профессор Сан Ксиксинмен кездесті.

✅ CAU – Қытайдың 1905 жылы құрылған ең көне аграрлық әлемге әйгілі мемлекеттік университеті. Оқу орны бейіндік факультеттер (агрономия және өмір туралы ғылым, биотехнология, медицина, ветеринария және мал шаруашылығы, агроинженерия және автоматтандырылған жүйелер ғылымы, ресурстану және энвироника, математика және информатика, маркетинг және қоғамтану, экономика, бизнес және менеджмент, құқықтану т.б.) басқа, 14 колледжден және 60 бөлімшеден тұрады, әрі шетелдіктерді қосқанда 20 мыңнан астам студент оқиды. Университет QS 2025 халықаралық рейтингінде 484-ші, ал Шанхайдағы ARWU 2024 рейтингінде 201-ші орынды иеленген.

✅ Ақылбек Күрішбаев халықаралық ынтымақтастық университет қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтіп, бүгінгі таңда KazNARU білім беру бағдарламалары мен бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру бойынша ҚХР-дың 40-тан астам жетекші университеттерімен шарттарға қол қойғанын еске алды.

✅ KazNARU соңғы үш жылда өзінің басты стартегиялық бағытының дұрыстығын дәлелдеді және халықаралық ғылыми қоғамдастықта лайықты орынға ие болды. QS World University Rankings 2026 Халықаралық рейтингінің нәтижесінде үш маңызды индикатор бойынша әлемнің ТОП-500 жаһандық университеттері, сондай-ақ Орталық Азияның ТОП-6 ЖОО қатарына енді. Бұл біздің университеттің халықаралық қауымдастықтағы білім алушылар үшін де тартымды академиялық орталыққа айналғанын дәлелдейді.

✅ «Бүгінде KazNARU көптеген маңызды халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Бұл университетті академиялық ортада таныту ғана емес, сонымен қатар, өңір елдері арасындағы ғылыми әлеуетті біріктіруге, ғылым, білім және инновация саласындағы интеграцияны күшейтуге, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлауға ықпал етеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жақында өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде 2026 жылды «Ғылым мен білім жылы» деп жариялағаны тарихи бастамасы бүгінгі кездесуіміздің өзектілігі арттыра түспек. Енді біз екі елдің жоғары оқу орындары арасында білім алмасу бағыттарын одан әрі тереңдетіп, ғылыми-зерттеу жұмысын жаңа деңгейге көтеруге ниеттіміз», - деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.

✅ KazNARU екі елдегі агросектор саласында инновациялық бағыттарды дамыту бойынша жетекші рөл атқарады және су ресурстарын тиімді басқару, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, климаттық өзгерістердің салдарымен күресу бойынша көптеген ауқымды ғылыми жобаларды іске асырып келеді.

✅ Өз кезегінде Қытай аграрлық университетінің президенті, профессор Сан Ксиксин бүгінгі кездесу аграрлық білім, ғылым, инновациялар саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылауға және Қазақстан-Қытай елдерінің әріптестік қатынастарына жаңа серпін беретінін атап өтті.

✅ Тараптар ғылыми-зерттеу жобалары және оларды одан әрі кеңейту, нақты алынған нәтижелерді іс жүзінде өндіріске енгізу перспективалары туралы сұрақтар мен пікірлермен алмасты.

●БІРІНШІ, KazNARU базасында – цифрландыру және орнықты ауыл шаруашылығы жағдайында тиімді жұмыс істей алатын халықаралық тәжірибені, технологиялар трансферін интеграциялау және жоғары білікті кадрларды даярлау үшін платформа болатын бірлескен «Білім мен ғылымды дамыту Хабын» құру.

●ЕКІНШІ, KazNARU жанынан Ауыл шаруашылығын дамытуға және экологиялық таза өнім мен оның экспортын алуға практикалық жетістіктерді пайдалана отырып, «Қытай технологияларын енгізу жөніндегі технопарк» құру. Технопарк сонымен қатар ЖИ мен роботтық жүйелерді, ақылды жылыжайларды, биотехнологияларды және цифрлық агробизнесті басқару платформаларын қоса алғанда, инновациялық шешімдердің демонстрациялық алаңына айналады деп күтілуде. Бұл тың қадам – жаңа буын студенттерін даярлау үшін де, фермерлер мен сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін де оқу мақсатында пайда әкелетін болады.

●ҮШІНШІ, тараптар аграрлық білім және ғылым мәселелерімен жүйелі айналысатын Қазақстан - Қытай бірлескен Үйлестіру комитетін құруға бастамашылық жасады. Жаңа құрылым өзара ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын келісу, бірлескен жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және тұрақты сараптамалық кездесулерді ұйымдастыру буынына айналады. Үйлестіру комитетінің құрамына екі университеттің, сондай-ақ бейінді министрліктер мен ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін болады.

✅ Кездесу соңында KazNARU басшысы Ақылбек Күрішбаев Қытай тарапына жылы қабылдау мен сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, қол жеткізілген уағдаластықтар Орталық Азиядағы ғылым, білім және аграрлық сектор саласында жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

✅ «Аграрлық ғылым мен білім бүгінде маңызды гуманитарлық функцияны атқаратынын ұмытпауымыз керек. Университеттер идея генераторларының көзі ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің де рөлін атқарады», - деп қорытындылады Ақылбек Күрішбаев.

✅ Өз кезегінде CAU Президенті Сан Ксиксин жасанды интеллект, биотехнология, цифрлық егіншілік, тұрақты мал шаруашылығы және климатқа бейімделген агрожүйелер сияқты басым бағыттар бойынша серіктестікті одан әрі кеңейтуді ұсынды.

✅ Осылайша, KazNARU делегациясының сапары инновациялық ауыл шаруашылығын дамытуға және аграрлық көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға бағытталған Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты ғылыми-білім беру альянсын қалыптастыру жолындағы аса маңызды тарихи қадам ретінде саналды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник